Елорда • 04 Тамыз, 2020

Бигелдинов көшесі мен Алаш тас жолы 10 тамызға дейін жартылай жабылды

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жүргізушілерге маршрутын алдын ала жоспарлау ұсынылады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Бигелдинов көшесі мен Алаш тас жолы 10 тамызға дейін жартылай жабылды

Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Бигелдинов көшесінде Сарыарқа даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейінгі учаскеде жол құрылысы жоспарланған, деп хабарлады қалалық көлік және жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Осыған байланысты 4-10 тамыз аралығында қозғалысты ішінара жабу жоспарланған. Сонымен қатар 4-10 тамыз аралығында Алаш тас жолындағы көпірден Жолымбет көшесіне дейін көлік қозғалысын жартылай жабылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек.

"Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз", делінген хабарламада.