22 Қазан, 2013

Елбасының апталық кестесі

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22 қазанда Ақордада Қазақ­стан Республикасы Прези­дентіне бір­қатар жаңадан тағайын­дал­ған шетелдік елшілер Сенім гра­мо­та­ларын тапсырады, деп хабарлады Президенттің бас­пасөз қыз­меті.

Сенім грамоталарын Мемлекет басшысына Бельгия, Армения, Бе­ларусь, Бразилия, Франция, Куба және Катар елшілері табыс етеді.

24-25 қазанда Қазақстан Прези­денті Минскіде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекет басшылары кеңесінің отырыстарына қатысады.

Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекет басшылары кеңесінің отырыстарына қатысуы, сондай-ақ, Еуразиялық ин­теграция, ТМД аясындағы сау­да-экономикалық және мәдени-гу­ма­ни­тарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қарау көзделген.

Соңғы жаңалықтар