Аймақтар • 04 Тамыз, 2020

Атырау облысының әкімдігі 4,8 млрд теңгені үнемдеді

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қауіпті індеттің белең алуы форумдар мен семинарларды кейінге шегерді. Тіпті кейбір шаралардың форматы өзгертілді. Ал бұл бюджет қаржысын үнемдеуге жол ашып отыр, деп жазады Egemen.kz

Атырау облысының әкімдігі 4,8 млрд теңгені үнемдеді

"Біз  адамдар көп шоғырланатын шаралардың бәрінен бас тарттық. Бұдан  бюджеттің 4,8 миллиард теңгесі үнемделді. Енді жыл соңына дейін тағы да  900 млн  теңгені қысқартуды көздеп отырмыз", деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Әкімнің мәлім етуінше, үнемделген қаржы бірінші кезекте пандемиямен күрес шараларына  жұмсалмақ.  

"Бұл мақсатқа 2,3 млрд теңге бөлінді. Соның ішінде 777 млн теңге "Атырау ӘКК" АҚ  арқылы азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын құруға жұмсалды. Бұдан басқа 1 млрд теңге мектептерді дәретханалармен, бейнебақылау жүйесімен жабдықтауға бағытталды. Үнемделген қаржыға медициналық жабдықтар сатып алынды. Стационарларға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қаржының бір бөлігіне өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алуды жоспарлап отырмыз", деді Махамбет Досмұхамбетов.