Қазір бразилиялықтар түгіл, әлем жұртшылығы бұл елден келетін әр мәліметке елеңдейтін болар. 210 млн халқы бар, өмірі бір қайнап жатқан қызу тірлік – карнавал, би, әнмен көзге елестейтін Бразилияның SARS-CoV-2 патшалық құруымен тіршілігі мүлде өзгерген. Кешегі күні тағы да 16 164 бразилиялықтың ауру жұқтырғаны мәлім болды. Өткен айдың соңғы тәулігінде ел президентінің жұбайы Мишель Болсонаруды да SARS-CoV-2 айналып өтпегені жазылған еді.
COVID-19 Бразилияны құрсауынан босатар емес, бүгінгі күнге дейін 94 665 адамның мына дүниедегі тыныс тіршілігін тоқтатқан тажал індет елді қатты алаңдатып отыр.