Өндіріс орнына қажетті шикізат Арал ауданының Ақбай ауылынан жеткізіліп отыр.
"Тоғыс Арал отын" серіктестігі ашқан цехта қазір 30-ға жуық жұмысшы еңбек етуде. Жергілікті өнімнің бағасы да қолжетімді. "Тоғыс Арал отын" ЖШС директоры Мейрамбек Жұмашевтың айтуынша, Қазалыдағы цехта шығарылған кірпіштер әзірге Қарағанды мен Жезқазған қалаларына тапсырыспен жөнелтілуде.