Аймақтар • 04 Тамыз, 2020

Ақтауда жерлеу рәсіміне жаппай жиналу фактісін ІІМ тексеруде

453 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда жерлеу рәсіміне жаппай жиналу фактісіне байланысты ІІМ қызметтік тергеу амалдарын жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтауда жерлеу рәсіміне жаппай жиналу фактісін ІІМ тексеруде

Ақтау қаласында жерлеу рәсіміне байланысты адамдардың көп шоғырлануы фактісі бойынша Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызметтік тексеру жүргізуді тапсырды.

Маңғыстау облысында 3-17 тамыз аралығында өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы негізінде қатаң шектеу шаралары, соның ішінде адамдар көп жиналатын іс-шараларды өткізуге тыйым салынғаны белгілі.

Аймақта қатаң шектеулер қойылғанына қарамастан, Маңғыстау облысы Полиция департаментінің басшылығы карантин режимін бұзуға жол бермеу бойынша уақтылы шаралар қолданбаған.