Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева алдағы жаңа оқу жылының ерекшеліктері, оған дайындық туралы айтып берді деп хабарлайды Egemen.kz

Айгүл Әділгерейқзының айтуынша, облыста жаңа 2020-2021 оқу жылына дайындық жүйелі жүріп жатыр.
– Мектептердегі оқыту форматын анықтау, оқушылар мен педагогтарды компьютермен қамтамасыз ету бағытындағы шаралар жасалуда. Алдын ала жасалған талдауларға байланысты эпидемиологиялық жағдайы тұрақты шалғай ауылдық елді мекендердің мектептерінде балаларды штаттық режимде, яғни әдеттегідей оқыту жоспарланған, – деді басқарма басшысы.
Яғни шалғай ауылдардағы шағын 220 мектепте қоңырау соғылып, 16251 оқушы қадімгідей партада отырып білім алмақ. Әрине, ол жерлерде сақтық, қауіпсіздік шаралары барынша қатаң сақталатын болады.
Дегенмен, оқушылардың дені облыс орталығында, ірі елдімекендерде тұрады. Сондықтан қалаларда және оқушы контингенті көп ауылдық мектептерде қашықтықтан оқыту қарастырылған. Мұндай 160 мектепте 90 425 оқушы оқиды.
– Өткен оқу жылының соңғы тоқсанындағы тәжірибе көрсеткендей, бастауыш сынып оқушылары үшін қашықтан оқудың қиындығы байқалды. Ата-аналар ұл-қызының барынша қауіпсіздік шараларын сақтап, мектепте оқығанын қалап отыр. Сондықтан қашықтан оқытылатын мектептерде бастауыш сыныптар үшін кезекші сыныптар ашу жоспарлануда. Бұл дегеніңіз – 1376 сынып, 17 мыңнан астам оқушы, – дейді Айгүл Мыңбаева.
Қашықтан оқудың сапасы білім ордаларының техникалық мүмкіндігіне тікелей байланысты. Сондықтан мектептердегі компьютерлік құрылғыларды жаңарту қолға алынған. Облыс бойынша биыл үнемделген қаражат есебінен 1454 компьютер алынған екен. Қосымша 1922 компьютер сатып алу жоспарланыпты. Ал аз қамтылған, көпбалалы отбасы оқушылары былтырғыдай мектеп компьютерлерімен уақытша қамтамасыз етіледі.
Тағы бір күрделі мәселе – мектептердің интернет жылдамдығын көтеру. Басқарма басшысының айтуынша, қашықтан оқытылатын барлық мектепті интернет платформаларына қосу бойынша тиісті орындармен келісім шарт жасалып жатыр екен. Педагогтардың ІТ құзыреттілігін арттыру, түрлі интернет платформаларды пайдалану, білім алушылармен кері байланысты тиімді ұйымдастыру мақсатында оқыту семинарлары жүргізілмек. Пән мұғалімдерін әдістемелік қолдау мақсатында барлық пән бойынша тірек конспектілер мен бейне контенттер дайындалып жатыр.
– Облыстың 12 262 педагогы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған қашықтан оқыту мәселелеріне арналған курста оқыды. 2020-2021 оқу жылына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен 2839,5 млн. теңге қаражат бөлінді. Бұл қаржының 39,3 млн теңгесі бұл оқулықтарды әр мектепке, әр оқушыға жеткізу үшін тасымалдау шығындарына қарастырылды, – дейді Айгүл Мыңбаева.
Айтпақшы, биыл Батыс Қазақстан облысында 32 білім беру нысанын күрделі жөндеу үшін 9,4 млрд теңге бөлінген болатын.
Биыл қазақстандықтарға қанша зейнетақы төленді?
Қоғам • Бүгін, 10:54
Алматыда троллейбустан өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 10:45
Туристер Есік көлі мен Түрген шатқалына бара алмайды
Аймақтар • Бүгін, 10:22
Елордада коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация қалай жүріп жатыр
Қоғам • Бүгін, 10:11
Елімізде 35 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр
Коронавирус • Бүгін, 09:58
Биыл Меркі-Шу-Бурылбайтал жолы ашылады
Қазақстан • Бүгін, 09:45
Бас мүфти Рамазан айының басталуымен құттықтады
Видео • Бүгін, 09:45
Шығыс Қазақстанда бір апта ішінде 22 өрт тіркелді
Аймақтар • Бүгін, 09:39
Қазақстандықтар наурыз айында 2900-ге жуық алтын құйма сатып алды
Қаржы • Бүгін, 09:35
Елімізде өткен тәулікте 1197 адам коронавирустан айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:25
Қазақстан бойынша өткен тәулікте 2016 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:23
Нығматулин: Бұл ай – әрбір адамға рухани күш-жігер береді
Қоғам • Бүгін, 09:21
Асқар Мамин қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады
Қазақстан • Бүгін, 09:12
ТОП-30 теннисшінің қатарына оралды
Теннис • Бүгін, 08:40
Өнер • Бүгін, 08:34
Аймақтар • Бүгін, 08:32
Оқиға • Бүгін, 08:30
Саясат • Бүгін, 08:26
Үкімет • Бүгін, 08:17
Маман даярлаудағы маңызды тетіктер
Қоғам • Бүгін, 08:15
ARASHA отбасындағы агрессорлардан арашалайды
Қоғам • Бүгін, 08:12
Қарағандыда карантин күшейтілді
Аймақтар • Бүгін, 08:09
Үш жүз мыңнан астам адам екпе салдырды
Қоғам • Бүгін, 08:05
Бизнесте әйелдердің үлесі қандай?
Экономика • Бүгін, 07:59
Күрес • Бүгін, 07:59
Өнер • Бүгін, 07:57
Әлем • Бүгін, 07:56
Қытай Alibaba компаниясына айыппұл салды
Әлем • Бүгін, 07:54
Руханият • Бүгін, 07:50
Мемлекет басшысының Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтауы
Президент • Бүгін, 07:44
20 млрд теңгеге жуық көлік салығы түсті
Экономика • Бүгін, 07:41
Іріктеуді ірі жеңіспен түйіндеді
Спорт • Бүгін, 07:39
Тұрлыханов президенттік қызметке қайта сайланды
Оқиға • Бүгін, 07:38
Үшінші бесжылдық: Меже мен міндет
Экономика • Бүгін, 07:35
Руханият • Бүгін, 07:33
Тарих • Бүгін, 07:31
Солтүстік Ирландиядағы жастар наразылығы
Әлем • Бүгін, 07:25
Бокс • Бүгін, 07:25
Павлодарда жағдай күрделене түсті
Коронавирус • Бүгін, 07:21
Зілтеміршілердің әлем біріншілігі Ташкентте өтеді
Спорт • Кеше
Руханият • Кеше
Таным • Кеше
Әулиеата өңіріндегі ауыр кезең
Тарих • Кеше
Семейліктер көлік қатынасынсыз қалмайды
Аймақтар • Кеше
Өнер • Кеше
Иран ядролық келісімі қайта қаралуы мүмкін
Әлем • Кеше
QAZCOVID-IN – ең қауіпсіз вакциналардың бірі
Медицина • Кеше
«Қырық қыз» – түркі халықтарына ортақ мұра
Тарих • Кеше
ТЖД жиынтық бөлімшелері тасқынға қарсы күресті қызу жүргізуде
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Алматылық студент жаһандық жарыста топ жарды
Спорт • Кеше
Ұлттық қордағы қаржы айтарлықтай азайған
Экономика • Кеше
Алматыда 99-дағы қария коронавирусты жеңді
Коронавирус • Кеше
«Рухани жаңғыру»: 4 жыл ішінде мәдени бағдарламалар жаңа серпін алды
Қазақстан • Кеше
Шымкентте 24 Мобильдік топ рейдке шықты
Аймақтар • Кеше
Тобыл қаласында тұңғыш ұлттық өнер орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Президент Швецияның Сыртқы істер министрі Анн Линдені қабылдады
Президент • Кеше
Тоқсандықтың қорытындысы бойынша Шымкент алда келеді
Аймақтар • Кеше
Аида Балаева «Спутник V» вакцинасын салдырды
Медицина • Кеше
Қаржы вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Павлодарда ер адам жалған құжатпен шекарадан өтпек болды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда ғарышкерлер күніне орай акция басталды
Қоғам • Кеше
Бас мүфти қазақстандықтарға үндеу жасады
Қоғам • Кеше
Қызылордада 10659 адам індетке қарсы екпе салдырды
Аймақтар • Кеше
Елордада дезинсекциялық жұмыстарға дайындық басталды
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар