Қазақстан • 04 Тамыз, 2020

Қазалыда көпсалалы қызмет көрсету кешені салынып жатыр

623 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазалы ауданының аумағынан өтетін "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық автожолының бойынан тағы бір көпсалалы қызмет көрсету кешенінің құрылысы жүріп жатыр, деп жазады Egemen.kz

Қазалыда көпсалалы қызмет көрсету кешені салынып жатыр

Аудан орталығы  Әйтеке би кентіне жақын жердегі "Қашқан су" көлінің жағасындағы 3 гектар аумақта қонақ үй, тамақтану орны, автотұрақ, автокөлік жуу орталығы және шағын маркет ашылып, жолаушылар мен тұрғындарға қызмет көрсететін болады. Жалпы құны 350 млн теңге болатын жобаны кәсіпкер Бақытбек Ерхатов  қолға алып отыр. Кәсіпкердің айтуынша, құрылыс жұмыстары аяқталып, жоба толық іске асқан кезде кешеннен 10 адам тұрақты жұмыс табады.

Бұған дейін аудан аумағындағы "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" автокөлік дәлізінің бойынан "Арзан Сити", "Мирас" кешендері, "Sinooil", "TS Қызылорда мұнай өнімдері" жанар-жағар май бекеттері пайдалануға берілген болатын.