Аймақтар • 04 Тамыз, 2020

Алматы облысының тұрғыны есірткі саудалағаны анықталды

237 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Есірткі бизнесімен күресушілердің назары Қапшағай қаласының 33 жастағы тұрғынына түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысының тұрғыны есірткі саудалағаны анықталды

– Қолда бар жедел ақпаратқа сәйкес, фигурантымыз есірткі затын сатумен айналысқан, бірақ өзі қолданбаған. Оның қылмыстық әрекеті жедел және арнайы іс-шаралар барысында ресми түрде тіркеліп, күдікті ұсталды. Ол гашишті басқа тұтынушыға сатуға тырысқан. Алайда оның бұл жоспарларын полицейлер бұзды, – дейді Алматы облысы ПД Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Қазбек Мұхамедов.

Сот сараптамасының зерттеуіне сәйкес алынған есірткі затының жалпы салмағы 321 грамнан асқан. А. есімді азаматша уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігі негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеушілер бұл деректі тергеуге кірісіп кетті, ал полицияның жедел бөлімшелерінің өкілдері есірткіні ірі мөлшерде сақтаудың шынайы мотиві мен оның жеткізу арнасын анықтауда.

– Ол ұсталған сәтте, өз ісін мойындағысы келмеді. Алайда, жауап алу кезінде ол есірткі затын Д. есімді азаматқа сатқысы келгенін мойындады, – деп толықтырды Қазбек Мұхамедов.

Біршама уақыттан кейін Талдықорған қаласында полиция қызметкерлері бір жарым килограмға жуық гашишті сатудалаудың тағы бір дерегінің жолын кесті. Гашиш брикеттері бар полиэтилен пакетті жедел уәкілдер диванның астынан тәркіледі. Фигуранттың есірткі заттарын қандай мақсатта сақтағанын тергеу анықтайтын болады.

Қазіргі уақытта полицейлер Алматы облысына есірткі жеткізу арналарын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін жүргізуде. Ұсталған екі азаматқа қатысты аудандық полиция басқармаларында ҚР ҚК 297-бабының 1-бөлігі "Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау және өткізу", сондай-ақ 296-бабының 4-бөлігі "Есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз сақтау” бойынша қылмыстық істер қозғалды. Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.