Медицина • 04 Тамыз, 2020

"Ақтөбе – адалдық алаңы" оттегі концентраторларын сыйға тартты

204 рет көрсетілді

"Ақтөбе – адалдық алаңы" аудандық ауруханаларға оттегі концентраторларын сыйға тартты

Бүгін "Ақтөбе – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен Байғанин және Шалқар аудандарының ауруханаларына "Armed" оттегі концентраты аппараттары табысталды, деп хабарлайды          

Қайырымдылық шараға Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, жобалық кеңсенің кураторы Қ.Бекенов, Жемқорлыққа қарсы Департамент басшысы М.Мұхамбетов, адалдық алаңы жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Тұртаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департамент жаңынан құралған ақпараттық – ағартушылық штаб мүшесі Р.Отыншин және облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Даньяров қатысты.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының ұсынысымен берілген екі аудандық ауруханаларға табысталған аппараттар "Ақтөбе – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің волонтерлары және қоғам белсенділерінің қаражатына алынды. Аппараттардың жалпы соммасы 3 млн-ға жуық теңгені құрады.

Шара барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары, адалдық алаңы жобалық кеңсесінің кураторы Қайрат Бекенов және кеңсе басшысы Жанболат Тұртаев облыстық денсаулық сақтау басқармасына алынған аппараттарды табыстап, қазіргі таңда адамдардың денсаулығын сақтау жолында тыңбай еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандардың жұмысына сәттілік тіледі. Өз кезегінде, Жемқорлыққа қарсы Департамент басшысы Мирлан Мұхамбетов және денсаулық сақтау басқармасының басшысы Самат Даньяров ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Жалпы осыған дейін адалдық алаңынын волонтерлары коронавирус инфекциясымен күрес жүргізу барысында белсенділік танытып,төтенше жағдай кезінде қаладан шыға берісте орналастырылған блок бекеттердің қызметкерлеріне көмектесіп, сонымен қатар, қаламыздағы мұқтаж отбасыларға көмек қолын созған болатын.

Қазіргі таңда, еліміздегі тілсіз жаумен күресуде, қауіпті індеттің алдын алу мақсатында жобалық кеңсенің ұйымдастыруымен жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Соңғы жаңалықтар

Қай салада жалақы өсті?

Экономика • Кеше

Ресей азаматтары алғыс айтты

Аймақтар • 26 Ақпан, 2021

Ұқсас жаңалықтар