10 Сәуір, 2010

ҚАРАЖАТ ҚАЖЕТ

703 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2 мыңнан астам тұрғыны бар Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби ауданына қарасты Кене­сарық ауылында күні бүгінге дейін мәдениет үйі, балабақша, монша, пошта және байланыс бөлімшелері мен желілері жоқ. Сондықтан да жастар қайда барарларын білмейді. Осы себепті олардың арасында қылмыс жасаушылардың, ішімдікке салынушылар мен нашақорлықпен айналысушылардың катары жыл­дан жылға көбейіп келеді. Бұл ауылда зейнетақы мен әлеу­меттік төлемдерді ауданнан арнайы адамдар келіп таратады, көп жағдай­да алып келген ақша жетпей қалып, көптеген ауыл тұрғындары 30 шақы­рым жердегі аудан орталығына бару­ға мәжбүр болатын кездер де кездеседі. Балабақшаны, пошта мен бай­ла­ныс бөлімшесін бұрынғы ескі мек­тептің ішінде орналастыруға болады, бірақ оны жөндеуге 10 миллион­нан астам теңге қажет. Ауыл­ды телефон­дандыру үшін сым­желісіз телефон стансасын қою керек. Ал мәдениет үйі мен монша­ны салу үшін, жобалық-сметалық құжаттар­ды дайындауға қаражат қажет. Осы мәселені жергілікті бюджет шеше алмайды. Облыстық бюджет­тің қалтасына да ауыр соғатыны анық. Сондықтан бұл әлеуметтік маңызы зор проблема Үкімет дең­гейін­де шешімін тапса жөн болар еді. Ержан ИСАҚҰЛОВ, Мәжіліс депутаты.