Әлем • 05 Тамыз, 2020

Испанияның бұрынғы каролі Хуан Карлос жоғалып кетті

473 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оның қайда кеткені белгісіз. Испания үкіметінің басшысы Педро Санчес карольдің қайда екенін білмейді. Бұл туралы ВВС хабарлады.

 

Испанияның бұрынғы каролі Хуан Карлос жоғалып кетті

Хуан Карлос дүйсенбі күні жемқорлық фактісімен тергеле бастағанына байланысты  елден кететінін мәлімдеген. Бірақ қай елге және қашан кететінін айтпаған. Бүгінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары кароль туралы әртүрлі ақпарат таратуда. 

2014 жылы отставкаға кеткен 82 жастағы бұрынғы монарх, ұлы Филипп IV патшаның билік етуіне кедергі келтірмес үшін Испаниядан тыс жерде тұратынын айтып жүрген.

Қазірдің өзінде испандық БАҚ-та «Хуан Карлос Испаниядан кетіп қалды» деген хабарлар пайда болды. Сондай-ақ ол қазір Доминикан Республикасында деген де деректер кездеседі.

Ал Доминикан Республикасының иммиграциялық қызметінің ресми өкілі бұрынғы монарх шекарадан өтпеді деп мәлімдеді. Алайда, ол бұл мемлекетте ақпан айының аяғынан наурыз айының басына дейін бірнеше күн болған.  

Хуан Карлостың испандық компаниялардың Меккеден Мединаға дейін теміржол салу үшін жүргізген келісім-шарттарға қаншалықты қатысы бары тексеріліп жатыр. Оған келісім-шарттар жасалмай тұрып, үш жыл бұрын Сауд Арабиясының королінен 100 миллион доллар көлемінде сыйлық алды деген де айып тағылған. Бірақ экс-кароль айыптауларға қатысты түсініктеме бермеген. Сондықтан да болар ол туралы ақпараттар сан-саққа кетіп жатыр. Испандықтар үшін әзірге оның қайда жүргені қызық секілді.