Елорда • 05 Тамыз, 2020

Елордада карантин кезінде ойын-сауық орындары жұмыс істегені анықталды

251 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елорданың ойын-сауық орындарында бірқатар карантин режімін бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды. 

Елордада карантин кезінде ойын-сауық орындары жұмыс істегені анықталды

Бұзушылар жалпы сомасы 27 377 790 теңге әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 5 тамызға қараған түні мониторинг тобы полиция қызметкерлерімен және тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасымен (ТҚСҚББ) бірлескен кезекті рейд кезінде кәсіпкерлік субъектілері тарапынан карантин режимінің бірқатар бұзушылықтарын анықтады.

"Бүгінгі мониторинг барысында қоғамдық тамақтану, сауда және қызмет көрсету нысандарында бірқатар заң бұзушылықтар анықталды: жұмыс кестесін, жұмысшылар мен келушілердің маска тағу тәртібін, әлеуметтік қашықтық сақтамау",  деп хабарлады Есіл аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасын мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Арман Құрбанов.

"Мониторинг тобы аралау кезінде Есіл ауданында" Pei Zdes' 31" лаундж-барында (ЖК "ORIENT-S") қызметкерлер мен қонақтар әлеуметтік қашықтық сақтамай, карантин режімін, маска тағу тәртібін бұзғанын анықтады. Аталған нысанның басшыларымен және әкімшілігімен түсіндірме жүргізіліп, әкімшілік хаттаманы ресімдеу үшін материалдарды тапсыру туралы хаттама жасалды", деді Нұр-Сұлтан әкімдігінің Азаматтық қорғаныс орталығының бас маманы Әсет Абылғазиев.

Сонымен қатар Сарыарқа ауданында рейд кезінде мобильді топ "Нирвана" және "Угол 4/1" клубтарындағы карантин режімін бұзушылықтарды анықтады.

4 тамыздағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан ТҚСҚББ аудандық басқармаларына аудандық полиция басқармаларынан карантинді бұзғандар туралы 544 материал келіп түсті. Олар бойынша 124 жеке және кәсіпкерлік субъектілері жалпы сомасы 27 377 790 теңге әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР ӘҚБтК 811-бабына сәйкес, карантинді бұзған адамдар кінәсін мойындағандықтан, әкімшілік айыппұлдар қысқартылған түрде қолданылды. Бүгінгі күні жалпы сомасы 15 542 910 теңгені құрайтын 63 әкімшілік айыппұл төленді.