Спорт • 05 Тамыз, 2020

УЕФА Чемпиондар және Еуропа лигасы матчтары тікелей эфирде көрсетіледі

619 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еурокубоктар үшін талас қайта жалғасуда. 1/8 финалдың қалған матчтары қабылдаушы командалардың алаңдарында өтеді.  Турнирлер наурызда коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылып, кейін УЕФА еурокубоктарды тамыз айында ойнату туралы шешім қабылдаған болатын. Биыл Чемпиондар лигасы "сегіздің финалы" форматында аяқталады. Тамыз айының 5-8 аралығында 1/8 финалдық матчтардың тікелей трансляциясын "QAZAQSTAN" және "QAZSPORT" телеарналары көрсетеді, - деп хабарлайды Egemen.kz

УЕФА Чемпиондар және Еуропа лигасы матчтары тікелей эфирде көрсетіледі

Келесі кезеңге өткен 4 команда: "Аталанта", "Атлетико", "ПСЖ" мен "РБ Лейпциг". Өзге 4 команда 1/8 финалдың жауапты матчтары өткен соң анықталады. Ширек финалға шығу үшін "Ювентус" – "Лион", "Барселона" – "Наполи", "Манчестер Сити" – "Реал" мен "Бавария" – "Челси" командалары өзара бақ сынайды.

УЕФА Чемпиондар лигасы, 1/8-финалы. Ойындар күнтізбесі:
"QAZAQSTAN" телеарнаcы:
7 тамыз - "Манчестер Сити" - "Реал Мадрид". Уақыты: түнгі сағат 00:55
8 тамыз - "Бавария" - "Челси". Уақыты: түнгі сағат 00:55

"QAZSPORT" телеарнаcы:
7 тамыз - "Ювентус" - "Лион". Уақыты: түнгі сағат 00:55
8 тамыз - "Барселона" - "Наполи". Уақыты: түнгі сағат 00:55

УЕФА Еуропа лигасы, 1/8-финалы. Ойындар күнтізбесі:

"QAZAQSTAN" телеарнаcы:
5 тамыз - "Манчестер Юнайтед" - "Ласк". Уақыты: түнгі сағат 00:55
6 тамыз - "Базель" - "Айнтрахт". Уақыты: түнгі сағат 00:55

"QAZSPORT" телеарнаcы:
5 тамыз - "Шахтер" - "Вольфсбург". Уақыты: түнгі сағат 22:45
5 тамыз - "Копенгаген" - "Истанбул". Уақыты: түнгі сағат 22:45 (Сайтта https://qazsporttv.kz/kz/live)
5 тамыз - "Интер" - "Хетафе". Уақыты: түнгі сағат 00:55
6 тамыз - "Рома" - "Севилья". Уақыты: түнгі сағат 22:45
6 тамыз - "Байер" - "Рейнджерс". Уақыты: түнгі сағат 22:45 (Сайтта https://qazsporttv.kz/kz/live)
6 тамыз - "Вулверхэмптон" - "Олимпиакос". Уақыты: түнгі сағат 00:55.