Есірткі алқабын қарап, тексеру барысында қос ішіне төселген кілем астынан газетке оралған өзіне тән ерекше иісі бар шөп алынды. Сараптама қорытындысы оның салмағы 41,29 гр кептірілген марихуана екендігін анықтады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қармақшы ауданының тұрғыны ұсталды.
Қазір ол уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.