Елдегі эпидемиялық жағдайға қарамастан облысымызда Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына дайындық қарқынды түрде жүргізілуде. Әсіресе ақын дүниеге келген қастерлі мекен Абай ауданында жұмыс қыза түскен.

Абаттанған Ақшоқы, ажарланған Сырт Қасқабұлақ
Иә, «тас түскен жеріне ауыр» демекші, қазіргі уақытта хакім туған топырақ Абай ауданы үлкен тойға әзірлік үстінде. Аудан әкімі Жарқынбек Байсабыровтың айтуынша, бүгінде ауданда мерейтойға орай 19 жоба іске асырылуда.
Бұл жобалардың ең ауқымдысы – Ақшоқыдағы Құнанбай Өскенбайұлы музейінің құрылысы. 2019 жылы Шығыс Қазақстанға жұмыс сапарымен келгенде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлы Абайды ұлықтағанда, оның әкесі Құнанбайдың ел алдындағы еңбегін ұмытпауымыз керек» деген болатын. Расында, Мемлекет басшысы атап өткендей дала данышпанының есімін ұлықтау бағытындағы жұмыстар көңіл көншітпейтін еді. Абай ауданы аумағындағы Ақшоқы мекеніндегі Құнанбай қорымы сан жыл бойы қараусыз қалып келгені де жұртшылыққа мәлім. Президенттің тапсырмасынан кейін Ақшоқы бірден мемлекеттің қамқорлығына алынды. Облыс әкімі Даниал Ахметовтің қолдауымен қорым аумағы кеңейтіліп, толық абаттандырылды. Бейіт ішіндегі тозығы жеткен белгі тастар жаңартылды. Алаңға тақтайша тастар жайылып, келушілерге қолайлы жағдай тудыру мақсатында панажайлар қойылды. Қоршау ішіне ұлы Абайдың қанатты сөздері жазылып, гүлдер отырғызылды. Тағы бір жағымды жаңалық, қорым жанынан Құнанбай музейінің құрылысының басталғаны. Бүгінде музейдің іргетасы қаланып, құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Бюджеттен қаражат бөлініп, музейге қойылатын құнды жәдігерлер мен сирек кездесетін құжаттардың көшірмелері, тарихи нысандар мен ескерткіш макеттері жасалынуда. «Музей арқылы қазақ халқының сол дәуірдегі (ХІХ ғасырдағы) құндылықтары мен ұрпақтар сабақтастығы жаңғыртылып, дала данышпаны Құнанбайдың ел тарихындағы еңбегі дәріптелмек. Музейге келушілер ұлылар мекенінің тарихымен, өнер, мәдениетімен, тұрмыс-салтымен танысып, рухани азық алып қайтатын болады. Бұл аудан туризмін дамытуға жол ашпақ. Музей құрылысы тамыз айында аяқталмақ», дейді аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров.
Абай елінде қолға алынған тағы бір ауқымды жоба – ақынның кіндік қаны тамған Сырт Қасқабұлақ мекенінің абаттандырылуы. Иә, бұл қастерлі мекен көп жыл бойы елеусіз, ескерусіз қалып, бұлақ басы мал аяғына тапталып жатқан еді. Мерейтой қарсаңында бұл жер Абай аудандық Мәдениет үйінің теңгеріміне алынып, бүгінде адам танымастай өзгерді. Бұлақ басы толығымен абаттандырылды. Шырша, шынар көшеттері отырғызылды. Абайдың домбырасының пішінінде заман талабына сай жасалған нысан басына хакімнің ұлағатты 45 сөзі жазылған мәрмәр тастар қойылды. «Туғанда дүние есігін ашады өлең» деген стелла тұрғызылды. «Ұлы бабамыз Абай Құнанбайұлының 175 жылдық тойы жақындаған сайын ақын елі абыр-сабыр. Төсек тартып қалған қарт болмаса, ақсақалдардан бастап бала-шағаға дейін бәрі дерлік ат үстінде. Коронавирус та бір жағынан жармасып жатыр, соған қарамастан жұмыс жасалуда. Жуырда ел үлкендері болып, Абайдың туған жері Сырт Қасқабұлақта болдық. Мен Абайдың 100 жылдығын білмеймін, 125, 150 жылдық тойларының басы-қасында жүрген адаммын. Бірақ Абай атам туған Сырт Қасқабұлақ ол кезде аталған жоқ. Бұлақтың бар екенін ел біледі, бірақ бұрылып ешкім қараған жоқ, бірде-біреуі назар салған жоқ. Той қарсаңында облыс әкімі Даниал Ахметовпен кездескенде біз бірқатар мәселелерді қозғаған едік. Қазір Сырт Қасқабұлақты көрсеңіз, таңғаласыз, бұлаққа баратын жол, бұлақтың арнасының кеңеюі, оған орнатылған гүлзарлар, көгалдандыру жұмыстары көз қуантады. Сырт Қасқабұлақтағы жасалып жатқан дүние біздің талай жылғы арманымыз. Қасқабұлақ жаңаратын болса, Абай жаңарады, Абайдың туған жері жаңарады деп ойлаймын» дейді ақын, Абай ауданының Құрметті азаматы Төлеген Жанғалиев.
Құрылыс қарқын алған Қарауыл
Абай ауданының орталығы – Қарауыл ауылында да құрылыс қарқын алған. Әсіресе елді мекеннің инфрақұрылымын нығайтуға ерекше көңіл бөлінуде. Қазір ауылда Назарбаев Зияткерлік мектебінің үлгісінде 300 орындық мектеп салынуда. Бұрын балалар екі немесе үш ауысымда оқып жүрген болса, жаңа мектеп пайдалануға берілгеннен кейін бір ауысымда оқиды деп жоспарлануда. Қарауылдағы тағы бір ауқымды жоба – су құбырының тартылуы. Осындағы 1976 жылы салынып, жөндеу көрмей ескіріп, тозығы жеткен су құбырлары толығымен жаңартылуда. Бүгінгі күні ауылішілік 44 шақырым магистралдық желінің 34 шақырымына құбыр тартылды. Бұл жұмыс қазан айында аяқталмақ.
Қарауылда бұрын-соңды қолға алынбаған жобаның бірі – Абай саябағы. Қазір құрылысы қарқын алған саябақтың ұзындығы 600 метр, ені 250 метр, жалпы аумағы 15 гектарды құрайды. Сонымен қатар Қарауыл төбедегі дала сахнасы мен ипподром да толықтай жаңғыртылуда. Бұл нысан ақынның 150 жылдық мерейтойы өткеннен кейін жөнделмеген екен. Мәдени-бұқаралық, спорттық шаралар өткізілетін ипподромның ат шабатын жолдары тегістеліп, 3 шақырым айналым жолы жөнделді. Дала сахнасы қайта жаңарып, көрермен отыратын трибунаның сыйымдылығы 500 адамға дейін кеңейтіліпті. Сондай-ақ Қарауыл ауылындағы Мұхамедханов, Бекбосынов, Әйгерім, Мамай, Ұлжан, Тоқтамыс көшелерінің жолдары жөнделіп, жарықтандырылды.
2015 жылы облыс әкімі Даниал Ахметовтің қолдауымен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі құрамындағы Жидебай қорығында мәдени-тұрмыстық кешен пайдалануға берілді. Кешен ішінде жазғы маусымда музейге келушілерге асхана қызметтерін көрсету және 15 орындық жатын орын қарастырылған. Кешеннің сол жағында Абайтану орталығы деп аталатын үш бөлме бар. «Көріп, біліп, қуанып отырмыз. Абай елінде үлкен жұмыстар жасалуда. Бұл елге қажет, жас ұрпаққа керек дүниелер. Облыс әкімі Даниал баламның ауданымызға апта аралатып келетінін естимін. Той жауапкершілігін сезініп, алаңдап жүргені болар. Осы еңбектері үшін Абай ұрпағы ретінде рахмет айтамын» дейді ұлы Абайдың ұрпағы, дербес зейнеткер Манатай Балтақайұлы.
«Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, аймақта Абай тойына әзірлік осыдан бір-екі жыл бұрын басталған болатын. 2018 жылы Семейден Абай ауданына баратын жолды жөндеу жұмыстары басталған-ды. Сол жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы облыстық маңызы бар «Семей-Қарауыл» автомобиль жолының 128 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал 2019 жылы аталған жолдың қалған 32 шақырымы жөнделді. Тағы бір ерекше атап өтер дүние, 2018 жылы аудан халқының спортпен айналысуына, саламатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік тудыру мақсатында ұзындығы 25 метр, 5 жолақты жүзу бассейні салынды. 2019 жылы облыстық бюджеттің төртінші деңгейіне өткен ауылдарға қаржы бөлініп, Қарауыл ауылындағы Абай алаңының толығымен абаттандырылып, әуенді су бұрқақ пен Street workout алаңдары салынды. Сонымен қатар осы жылы Кеңгірбай би ауылында 100 орындық Мәдениет үйі пайдалануға берілді.
Шығыс Қазақстан облысы,
Абай ауданы
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Елорда • Бүгін, 10:44
Қазақстандықтар депозит бойынша қай банкке көп сенім артады?
Экономика • Бүгін, 10:41
Әуе компанияларының табысы құлдырады
Экономика • Бүгін, 09:58
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:26
Түркістанда 5 адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Бүгін, 09:25
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:17
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • Кеше
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • Кеше
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Кеше
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Кеше
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Кеше
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Кеше
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Кеше
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Кеше
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде митингке шақыруға байланысты үндеу жариялады
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • 26 Ақпан, 2021
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • 26 Ақпан, 2021
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар лауазым өкілі тағайындалды
Президент • 26 Ақпан, 2021
Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығы бірқатар елге гуманитарлық көмек берді
Қазақстан • 26 Ақпан, 2021
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан биржалық крипто-айналымның 1% -ын өзінің биржаларына аударуды жоспарлап отыр
Қаржы • 26 Ақпан, 2021
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Елордада жексенбіде СОО-лардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы іске қосылды
Елорда • 26 Ақпан, 2021
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қымбатшылықтың себебін түсіндірді
Экономика • 26 Ақпан, 2021
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • 26 Ақпан, 2021
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • 26 Ақпан, 2021
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар