Кейінгі жылдары қазақстандық былғары қолғап шеберлері кәсіпқой боксқа үдере көшіп жатыр. Осыдан бес жыл бұрынғы дерек бойынша 100-ге жуық спортшымыз кәсіпқой бокста бақ сынаса, бүгінде олардың саны 200-ден асып жығылады. Боксшылардың статистикасын жүргізетін boxrec басылымының мәліметінше, қазіргі таңда 80-ге жуық боксшы кәсіпқой бокстан нәпақа тауып жүр.

Коллажды жасаған Қонысбай Шежімбай, EQ
Жуырда бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ғалым Кенжебаев кәсіпқой боксқа ересек боксшылардың емес, ұлттық құрамада жүрген, болашағынан үміт күттіретін жап-жас жігіттердің кетіп жатқанына наразылығын білдірді. Бапкердің айтуынша, көптеген талантты спортшы промоутерлердің жетегіне еріп, бірнеше жыл бойғы еңбек пен тәжірибені жоққа шығарады.
– Жақында ғана кәсіпқой боксқа бет бұрған Бек Нұрмағанбетті жасөспірім кезінен бері алға жетелеп келдік. Жастар құрамасында да оның аяқ алысын өзім қадағаладым. Өз қатарлары арасындағы мүмкін болған жарыстардың барлығына қатысып, жүлдемен оралып жүрді. 2019 жылы Азия чемпионатында топ жарғанын жанкүйер жақсы біледі. Бірақ жарақатына байланысты лицензиялық әлем чемпионатынан сырт қалған. Токио ойындарына Бекзат Нұрдәулетов жолдама алған соң, Бектің ойы өзгере бастады. Оның өзімен де, жеке бапкерімен де сөйлестім. Біразға дейін оны кәсіби боксқа жібергім келмеді. Олимпиадаға бармаса да, 2021 жылдың күзінде өтетін әлем біріншілігіне қатысып кеткенде дұрыс болар еді. Қандай ұсыныс айтсам да, келіспеді. Сондай-ақ Талғат Шайкен атты жас талантымыз да жақында кәсіби боксқа кетті. Оны екі жыл бойы тікелей өзім қадағаладым. Аргентинадағы жасөспірімдер Олимпиадасының финалына жетті. Ұлттық құрама сапында алысқа баратын жігіт еді. Ол да тыңдаған жоқ. Егер олар ұлттық құрамаға ораламыз десе, қарсы емеспіз. Бірақ команда қатарына қосылу үшін өздерін дәлелдеуге тиіс», – дейді бас бапкер.
Бас бапкер осындай талантты жастарды дайындап шығу үшін құрама бапкерлерінің қажырлы еңбегі мен оған мемлекет жұмсаған қаржының ақталмағанына қынжылады. Сондай-ақ пісіп-жетілген боксшыларды оңай олжалап кететін промоутерлерді де кінәлады.
– Бір ғана спорт шеберін дайындап шығу үшін алты жыл уақыт керек. Ал ұлттық құрамаға қабылданып, оқу-жаттығу жиындарына тұрақты түрде қатысып, жасөспірім кезінен бастап білікті бапкерлер назарында болған боксшының дәл осылай кетіп қалғаны бізге қиын. Оған қаншама күш жұмсалды, қанша қаражат кетті. Дайын боксшылар промоутерлер үшін жақсы олжаға айналып бара жатыр. Өздері еш еңбек сіңірмейді, бірақ талантты спортшыларды атақпен, ақшамен қызықтырып, алып кетеді. Әрине, кәсіби бокста атой салса қуанамыз. Ол үшін мықты промоутерлік компания артыңда тұрғаны дұрыс. Әйтпесе алғашқы екі-үш кездесуде өте әлсіз боксшыны төпелеп, кейін көрінбей кеткен боксшылар қаншама?!
Ғалым Кенжебаевтың сұхбаты жарияланған соң бұл тақырып әлеуметтік желіде де кең талқыланды. Бірі бас бапкерді қолдаса, екіншілері боксшылардың таңдауы дұрыс екенін айтады. Мәселен, бокс жанкүйері Жанкелді Қаржан боксшыларымыз «қапшық» қарсыластарды жеңгеніне мәз болғанша, ұлттық құрама сапында жүре бергені дұрыс деп санайды. «Өзінен әлдеқайда деңгейі төмен қарсыластарды жеңгенге боксшылар да, жанкүйерлер де мәз. Бәлен жылда 20-25 жекпе-жек өткізіп, белдік алмағаны бөлек әңгіме... Екі жылға жетер уақытта 8 жекпе-жек өткізіп, екі тұжырымда әлем чемпионы атанған өзбек боксшысын көргенде біздікілердің босқа жүргенін жанкүйерлер түсінген шығар деп үміттенемін. Одан кейін, жерлестеріміз асынып, тағынып жүрген белдіктердің дені құрлықтық деңгейдегі белдіктер екендігін және белдік үшін бокстасатын рейтингке енбегенін қалың жанкүйер ұғынса екен...», дейді.
Десе де боксшылардың да айтар өз ойы бар. Осы мәселеге байланысты Бек Нұрмағанбетке хабарласып, оның пікірін тыңдап көрдік. Боксшы ұлттық құрамадан кетер кезде ешкім реніш білдірмегенін, бірақ кейіннен сайтта жарияланған бас бапкердің пікірін оқып, Кенжебаевтың бізге реніші бар екенін білдім дейді.
– Әрине, ұстазымыздың пікіріне әрқашан құрметпен қараймыз. Ғалым ағайымыздың да айтып жатқаны дұрыс. Ол кісі ең алдымен ұлттық құраманы ойлап айтып отыр. Өткені құрамаға мен сияқты боксшылар керек. Өз салмағымдағы жігіттерге спарринг серіктес, қарсылас, бәсекелес боламын. Осындай бәсекелестіктің арқасында ғана боксшыларда даму, алға жылжу болады. Сонымен қатар барлық боксшының арманы Олимпия ойындарына бұдан былай тек 8 боксшы ғана барады, қалғаны тағы төрт жылды күту керек. Ал менің келесі Олимпиаданы күткім келген жоқ. Промоутерлерден жақсы ұсыныс түскен соң, кәсіпқой боксқа ауысуды жөн санадым. Бірақ бапкерлерді ренжітіп кетем деген ой болған жоқ. Негізі ағаларымыздан рұқсат алып кеткен болатынмын», дейді Б.Нұрмағанбет.
Сондай-ақ ол алдағы уақытта ұлттық құрама керек қылып, әлем чемпионаты, Олимпия ойындарына апаратын болса, қайта ораламын, оған еш шектеу жоқ. Келісімшартта егер ұлттық құрама шақырса, қайта баруына рұқсат екенін айтады.
Боксшының бұл ойын спорт журналисі Бек Төлеуов та қолдап отыр. Оның айтуынша, жас боксшылардың кәсіпқой боксқа ауысып жатқанына федерация мен бапкерлер кінәлі. Сондай-ақ әуесқой бокстың беделі түсіп бара жатқаны мен Олимпиадада бокс бәсекесінің салмақ саны азайған соң уақыт жоғалтпай көп боксшы кәсіпқойға ауысқанды жөн санайды дейді.
– Кәсіпқой боксқа ауысып жатқандарды жақсы түсінемін. Әрине, бізде бұрын әуесқой бокста белгілі бір дәрежеде жетістікке жеткен боксшылар кәсіпқойға кететін. Ал қазір 20-ға енді толған жігітердің өзі әуесқой боксты тастап, өз бақтарын кәсіпқойда сынауды жөн көріп жатқандары байқалады. Осыдан бірнеше жыл бұрын басталған Америка құрлығындағы тенденция бізге де келді. Ол үшін қазақ боксшыларын кінәлай алмаймын. Себеп көп. Біріншіден, әуесқой бокстың беделі түсіп барады. Олимпия ойындарына бір елден 8 боксшы ғана бара алады. Құрамада жолдама алып қойғандар белгілі. Бек Нұрмағанбет мысалы, 81 килода Олимпиада жолдамасын жеңіп алған Бекзат Нұрдәулетовтің спарринг қарсыласы болып жүре бергім келмейді деп отыр. Қазір жастардың көзқарасы өзгерген. Болашақтарын ойлайды, табыс тапқылары келеді. Промоутерлер жақсы ақшамен қызықтырады. Оларға ұзақ мерзімді жоба болу үшін жастар қажет. Кезінде боксшылар өз кезегін күтіп жүре беретін. 2000 жылы Сидней Олимпиадасына 57 килода Бекзат Саттарханов барды, одан жасы үлкен Галиф Жафаров елде қалды. Бірақ Галиф босаңсымай өз кезегін күтті. Бекзат қайтыс болған соң, осы салмақтың көшбасшысына айналды. Қатарынан екі әлем чемпионатында жүлде алып, Афины мен Бейжің Олимпиадасына қатысты. Ал қазір бәрі басқаша. Сондықтан жас боксшылардың кәсіпқой боксқа ауысып жатқанына қарсы емеспін. Ал оларды ұстап қала алмай жатқан бапкерлердің ренішіне қатысты айтарым, бұған федерация мен өздері кінәлі.
Әрине, талантты боксшылардың әлі талай биікті бағындыратын жастарында кәсіпқой боксқа кетіп жатқаны өкінішті. Бірақ әркімнің өз таңдауы бар және оған құрметпен қарау керек. Бәлкім, олар кәсіпқой боксқа ауысып, ұлттық құрама қатарына кіре алмай жүрген боксшыға үміт сыйлаған шығар. Әйтпесе қаншама мықты боксшылар кәсіпқой бокс былай тұрсын, ұлттық құрама мүшесі атана алмай қолғаптарын шегеге іліп жатыр.
AsiaCredit Bank салымшыларына кепілдік берілген өтемнің 70%-ға жуығы төленді
Экономика • Бүгін, 18:40
Президент Қазақстанның дипломатиялық қызметі туралы заңға қолға қойды
Президент • Бүгін, 18:35
Елордада тұрақта тұрған көлік өртенді
Аймақтар • Бүгін, 18:33
Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстанның Мароккодағы Елшісі болып тағайындалды
Президент • Бүгін, 18:32
Өткен жылы жол-көлік апатынан қанша адам зардап шекті
Қазақстан • Бүгін, 18:30
Ақтоты Райымқұлова шығармашыл балалармен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 18:16
ҚазҰУ магистранттары жаңа құрылғы ойлап тапты
Технология • Бүгін, 18:15
Қызылордада экологиялық мәселелерді шешуге арналған жобалар талқыланды
Аймақтар • Бүгін, 18:03
Технология • Бүгін, 18:02
Қостанайда жылқы өз иесін қатты аяздан аман алып қалды
Аймақтар • Бүгін, 17:58
Жолда қалған 137 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 17:42
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Бүгін, 17:40
Елордада тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті
Елорда • Бүгін, 17:40
Қостанайлық қаскүнем гүл сататын дүкенді тонаған
Аймақтар • Бүгін, 17:29
«Shymkent City» жобасына 0,5 трлн теңге инвестиция тартылған
Аймақтар • Бүгін, 17:25
Жыл басынан бері ЭЕБ көмегімен 101 мың адам жұмыс тапты
Қазақстан • Бүгін, 17:21
Денсаулық сақтау вице-министрі пандемияда қабылданған шаралар туралы айтты
Қазақстан • Бүгін, 17:20
Себебі белгісіз: Өсек өзенін ақ көбік басты
Аймақтар • Бүгін, 17:12
Коронавирус: Вакцина ектірген екі адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 17:06
Шымкентте шетелдік ғалымдардың қатысуымен конференция өтіп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:04
Елордада су тасқыны кезеңіне дайындық қалай жүріп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:00
Нидерландта сегіз спортшымыз өнер көрсетеді
Спорт • Бүгін, 16:54
4 облыста қандастарды бейімдеу орталықтары ашылады
Қазақстан • Бүгін, 16:52
188 миллиард теңге жымқырған 4 экс-банкирге сот үкімі шықты
Қоғам • Бүгін, 16:50
«Ореn University» кеңсесі мен «Таза қол» мүсіні ашылды
Аймақтар • Бүгін, 16:50
Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:44
«Астана» Ласина Траореге көз тікті
Футбол • Бүгін, 16:42
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады
Білім • Бүгін, 16:41
Алматы тауларында адасқан туристер табылды
Аймақтар • Бүгін, 16:40
Спорт • Бүгін, 16:38
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 16:36
Ералы Тоғжанов волонтерлік ұйымдарға қандай қолдау көрсетілетінін айтты
Қазақстан • Бүгін, 16:35
Су добынан жасөспірімдер арасында ел үздігі анықталады
Спорт • Бүгін, 16:31
Ақтөбе облысы Білім басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:25
Қазақстандық армия ұшқышсыз ұшу аппараттарын қарқынды дамытуда
Қазақстан • Бүгін, 16:22
«Adaldyq alańy» – қоғамдық бақылаудың драйверіне айналды
Қоғам • Бүгін, 16:16
«Шымкент-циркте» аңдарсыз жаңа бағдарлама басталды
Аймақтар • Бүгін, 16:09
Шымкентте демеушілер есебінен 7 спорт алаңшасы салынады
Аймақтар • Бүгін, 16:01
Антикор өткен жылғы құқық бұзушылық фактілерді жариялады
Қазақстан • Бүгін, 16:00
Футболдан Қазақстан жастар құрамасы халықаралық турнирге қатысады
Спорт • Бүгін, 15:55
«Adaldyq alańy»: Жобадан жалпыұлттық Қозғалысқа
Қоғам • Бүгін, 15:45
Қазақстанның жеті өңіріндегі жолдарда ауыр жүк көліктеріне шектеу енгізілді
Қазақстан • Бүгін, 15:44
Оңтүстік Суданда ұшақ апатынан 12 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 15:41
Алматы облысында көлік қаққан оқушы қыздар комада жатыр
Аймақтар • Бүгін, 15:40
«Медеудегі» автотұрақ ақылы болады
Аймақтар • Бүгін, 15:35
Қарағандыда екі айлық қыз бала табылды
Аймақтар • Бүгін, 15:32
Қағаз күйінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны 2,5 есеге қысқарды
Қазақстан • Бүгін, 15:27
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру қалай жүзеге асуда?
Қазақстан • Бүгін, 15:22
Атырауда 2 мыңға жуық мұғалім вакцина салдырады
Аймақтар • Бүгін, 15:18
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
Президент • Бүгін, 15:18
Алматыда «Чупа-құрт» өнімі нарыққа шықты
Бизнес • Бүгін, 15:15
Нұр-Сұлтанда Құзыреттілік орталығының жұмысы таныстырылды
Аймақтар • Бүгін, 15:13
Елорда әкімдігінде «Ashyq» қосымшасының артықшылықтары туралы түсіндірілді
Аймақтар • Бүгін, 15:12
Алматы маңында жаңа тау шаңғысы курорты пайда болады
Туризм • Бүгін, 14:52
Батыс Қазақстанда 85 елді мекенді су басуы мүмкін
Аймақтар • Бүгін, 14:35
Шағын несиелер мен жедел несиелердің тәуекелі өте жоғары
Қоғам • Бүгін, 14:23
Қазақстан мен Қырғызстан әскери ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды
Қазақстан • Бүгін, 14:00
Ақылбек Күрішбаев: Селекциялық жұмыспен айналысамыз ба, әлде шет елден тағы да мал тасимыз ба?
Қазақстан • Бүгін, 13:52
Алматы облысында көлік 4 оқушы қызды қағып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:28
Шарын шатқалында Түркістан сілеусіні видеотұзаққа түсіп қалды
Экология • Бүгін, 13:20
Қыстыгүні де велосипед ұрлаушы шығып отыр
Аймақтар • Бүгін, 13:07
Атырауда қуыршақ театры жұмысын бастайды
Өнер • Бүгін, 12:58
Алматының санитарлық дәрігерлері коронавирус ревакцинациясын жалғастырып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 12:51
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 12:39
АӨСШК – Қазақстан сыртқы саясатының жарқын жемісі
Қазақстан • Бүгін, 12:35
Қырғызстан президенті манасшы Баянғали Әлімжанға «Достық» орденін табыстады
Қазақстан • Бүгін, 12:29
Мәжіліс ЕАЭО-ның темекі өнімдеріне арналған акциздер туралы келісімін ратификациялауды мақұлдады
Қазақстан • Бүгін, 12:26
Түркістан тас жолдарын тазалауға 100-ге жуық техника шықты
Аймақтар • Бүгін, 12:18
Ұқсас жаңалықтар