Футбол • 06 Тамыз, 2020

Үздік бапкер анықталды

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйгілі L’Équipe басылымы футболдан әлемнің ең үздік бапкерлерінің есімін жариялады. Осыған байланысты басылым кешегі санының бас бетін үздік бапкерлерге арнады.

Үздік бапкер анықталды

L’Équipe журналының нұсқасы бойын­ша, Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Зинедин Зидан әлемде теңдесі жоқ жат­тық­тырушы деп танылды. Зидан рейтингте «Ливерпульдің» бас бапкері Юрген Клопп пен «Манчестер Сити» тізгінін ұстап жүрген Пеп Гвардиоланы басып озды.

Француз маманы «Реал» командасын 2016 және 2018 жылдары басқарып, Испания біріншілігін, Испания суперкубогін және үш рет Чемпиондар лигасы мен УЕФА суперкубогін иеленіп, сондай-ақ клубтар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті. Бір жылдық үзілістен кейін Зидан «Реал» клубына қайта оралып, командамен бірге Испания Ла Лигасында топ жарды. Өз кезегінде, Клопп АПЛ-дың биылғы маусымында Гвардиола басшылығындағы «Ман­честер Ситиді» артта қалдырып, «Ливер­пульмен» бірге Англия чемпионы атанды.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше