Кәсіпқой бокс • 06 Тамыз, 2020

Жерлесіміз жеңіске жетті

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аса ауыр салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Жан Кособуцкий кезекті жекпе-жегін жеңіспен аяқ­тады. Отандасымыз Беларусь астанасы Минскіде өткен бокс кешінде шаршы алаңға шығып, польшалық қарсыласын нокаутқа жіберді.

Жерлесіміз жеңіске жетті

Екі боксшы арасындағы айқас он раундқа жоспарланған болатын. Алайда жекпе-жек соңғы раундқа дейін жалғасқанымен жерлесіміз оныншы раундтың бел ортасынан ауғанда Камиль Соколовскийді (9-17-2) сұлатып салды. Польшалық боксшы Жанның ауыр соққысынан кейін есін жия алмаған соң төреші кездесуді мерзімінен бұрын аяқтауға мәжбүр болды. Сондай-ақ Соко­ловский бесінші раундта да бір рет нок­даунға түскенімен, тез есін жиып үлгерген еді.

Осылайша Жан Кособуцкий өзіне тиесілі IBO Inter-Continental белбеуін бірінші рет қор­ғады. Бұл Кособуцкийдің кәсіпқой бокс­тағы 13-ші нокауты және 14-ші жеңісі. Ал қар­­сыласы 18-рет жеңілістің кермек дәмін татты.

2017 жылдан бастап кәсіпқой бокста өнер көрсетіп келе жатқан отандасымыз осымен тоғызыншы жекпе-жегін Беларусь жерінде өткізді. Сонымен қатар бүгінге дейін екі рет Ресейде, бір мәрте – Украина, Германия және БАӘ елінде шаршы алаңға шыққан.