Парламент • 06 Тамыз, 2020

Кепілді тегін медициналық көмек көрсету мәселесі қозғалды

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаты Нұржан Нұрсипатов Павлодар облысында жұмыс сапарымен жүр. Сенатор мемлекеттік мекемелердің және әлеуметтік нысандардың басшыларымен кездесті.

Кепілді тегін медициналық көмек көрсету мәселесі қозғалды

Медициналық сақтандыру қоры өңірлік филиалының директоры Нұрлан Қасимов сенаторға Қор қызметі туралы баяндады. Жалпы өңірде медициналық көмек көрсетуге 60,6 млрд теңге, коронавирус­пен күреске 2,3 млрд теңге бөлінгенін атап өтті. Қор медициналық қызметкерлерге үстемеақы төлеу мәселесіне айрықша назар аударып отыр. Осы жылдың төрт айында облыс дәрігерлеріне жалпы сомасы 1,7 млрд теңге төленген. Қор сонымен бірге өңір ауруханаларының жанынан мобильді бригадалар құру шығындарын өтеуге қатысты міндеттемелерді өзіне алған. Сенатор пандемиямен күресте жергілікті атқарушы органдардың жұмысын кү­шей­ту қажеттігін, сондай-ақ меди­ци­налық қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында тұр­ғын­дармен кері байланысты одан әрі дамытудың маңызын атап өтті.

Н.Нұрсипатов сапар барысында бірнеше облыс аудандарында және Екібастұз қаласында болды. Әуелі жергілікті ауруханалар мен дәріхана желілерінің дәрілік заттармен қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізу мақсатымен аталған нысандарды барып көрді. Депутат медициналық мекемелерде болып, қызметкерлермен және жер­гі­лікті тұрғындармен тілдесті. Екі­бастұз қаласының әкімімен және жергілікті мәслихат өкіл­дері­мен кездесу өтті. Сенатор мем­лекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде жүргізіліп жат­қан спорт мектебінің жөндеу жұ­мыстарымен, көпқабатты тұрғын үй құрылысымен, сондай-ақ жаңадан ашылған халыққа қыз­мет көрсету орталығының жұмы­сымен танысты.