Руханият • 06 Тамыз, 2020

NCOC компаниясы індетпен күреске үлес қосып жатыр

416 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Жылдам таралған COVID-19 індеті әлемнің түкпір-түкпіріне әсер етті. Осы орайда әлемдік ауқымдағы көптеген компания пандемияға қарсы күш жұмылдырып жатыр. Қазақстандағы мұнай мен газдың ірі өндіру­ші­­­лерінің бірі ретінде NCOC компаниясы індеттің алдын алу бойынша ар­­­найы шешім қабылдаған еді. Бұл шешімнің нәтижесінде компания елі­­­мізде ең бірінші болып, COVID-19 індетінің таралуына жол бермеу­ге бағыт­тал­ған көптеген нақты шара енгізген кәсіпорындардың қата­ры­на кір­д­і.

NCOC компаниясы індетпен күреске үлес қосып жатыр

15 наурызда төтенше жағдай жария­лан­ғаннан кейін NCOC бірден өз қыз­мет­керлерін жалақысын сақтай отырып, қашықтан жұмыс істеу тәртібіне ауыстырды. Бұл індеттің таралуын бәсеңдетуге бағытталған әлеуметтік қашықтық сақ­тау шеңберінде қабыл­данған уақытша шара болды.

NCOC компаниясы үшін адамдар­дың денсаулығы, қауіпсіздігі және әл-ауқатын қорғау – қызметкерлері және мердігерлер персоналы үшін жоғары құндылық. Осы қағиданы басшылыққа ала отырып, компания өзінің өндірістік алаңдары үшін 90 күндік оқшаулау тұжырымдамасын әзірледі. Бұл өндірістік нысандарда жұмыс істейтін өндірістік персоналдың жұмыс алаңдарына барар алдында індеттің алдын алу үшін оқшаулау кезеңінен өту жоспары болды. Айта кететіні, NCOC компаниясы Атырау қаласында COVID-19-ға қатысты экспресс-тестін бірінші болып енгізді. Өндірістік алаңдағы негізгі персонал 14 күннен аспайтын оқшаулау кезеңінен кейін өндірістік алаңға барар алдында COVID-19-ға қатысты ПТР әдісімен зертханалық тексеруден өтеді.

1

Сонымен қатар NCOC күдікті немесе расталған COVID-19 жағдайы анықталған кезде қолданатын міндет­тер мен жауап­кер­шіліктері анық­тал­ған арнайы іс-әрекет жоспарын әзірледі. Компания өз қызметкерлеріне қолдау көрсету шаралары шең­бе­рін­де коронавирус инфекциясы тарала бастаған алғашқы айларда Атырау, Ақтау және Нұр-Сұлтан қа­ла­­ларындағы қызметкерлеріне бір реттік медициналық маскалар таратты. Бұл ретте қызметкерлердің отбасылары түгел маскамен қамтылды. Осылайша компания өз қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің ден­саулығы мен әл-ауқаты маңызды екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

 Әлемдік пандемияның кесірі денсау­лық сақтау жүйелеріне ауыр тиді. NCOC компаниясы жергілікті ауруханалардың әлеуетін қолдау және коронавирус ин­фек­ция­сының таралуы­на жол бермеу үшін қабылданған шараларды жүзеге асыру мақсатында жергілікті органдармен, үкіметпен және басқа да серіктестіктермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеді.

1

Наурыз айынан бастап NCOC компаниясы Атырау және Маңғыстау облыстарының денсаулық сақтау жүйе­лерін өте маңызды да қажетті меди­ци­на­лық жабдықтармен қамтамасыз етуде. Атап айтқанда, компания COVID-19 жұқтырған науқастар емделіп жатқан Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына заманауи қарқынды терапия көрсетуге арналған жабдықты жеткізді. Оның ішінде балалар мен ересектерге арналған өкпені жасанды желдетуге арналған аппараттар, ЭКГ және ынталандыру функциясы бар дефибрилляторлар, көпфункционалды кереуеттер, портативті ультрадыбыстық аппарат, түрлі анализаторлар, мониторлар және тағы да басқа көптеген зат бар. Айта кететін жай, аталған жабдықтар жеткізілген жұқпалы аурулар ауруханасы 2016 жылы NCOC компаниясының әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобасы аясында Атырау қаласында салынған. Қазір бұл – аймақтағы шұғыл медициналық көмек көрсетудің басты мекемесі.

Бұған қоса мыңдаған шығындық материалдар (эндотрахеалды түтіктер, орофарингеалды тыныс алу жолдары, дефибрилляторлы электрод), инфекциядан қорғану құралдары (зарарсыздандыруға арналған диспенсерлер, шынтақтық дозаторлар, өзі сығылатын швабрасы бар шелектер) бірқатар облыстық медициналық ұйымдарға берілді. Сондай-ақ NCOC компаниясы арнайы шақырған бри­тандық қарқынды терапия дәрігері COVID-19 жұқтырған науқастарды қарқынды емдеу бойынша жергілікті дәрігерлер үшін тұрақты түрде оқу курстарын, семинарлар мен кеңестер өткізеді.

Маңғыстау облысында NCOC компаниясы жедел медициналық жәрдем бөліміне үш жедел медициналық көмек көлігін сыйға тартты және аймақтағы медициналық мекеме­лерге өмір үшін маңызы зор жаб­дықтарды ұсынды. Бұл – тек өкпені жасанды желдетуге арналған аппараттар, көпфункционалды кереуеттер, эпидемияға қарсы қорғану жиынтықтары, дефибрилляторлар ғана емес, сондай-ақ медициналық қызметкерлерге арналған дезинфек­циялау мен жеке сақтандыру құрал­дары. Медициналық құрылғылар мен құралдардың тағы бір бөлігі жақын арада жеткізіледі.

Осылайша NCOC компаниясының қолдауымен аймақтық денсаулық сақтау ұйымының әлеуеті айтарлықтай өсті. Mаусымдағы жағдай бойынша барлық сатып алынған және сыйға тартылған тауарлар мен көрсетілген қызметтердің жалпы сомасы 2,5 млрд теңгені құрады.

1

 Денсаулық сақтау жүйесіне көмектен тыс NCOC компаниясы мем­ле­­кет­тік органдармен уағдаласа отырып, ба­ла­ларға онлайн білім беруді қол­дау мақсатында артық компьютерлер жеткізіп, жергілікті мектептерге көмек көрсетті. Компьютерлер Атырау қа­ла­­лық білім басқармасына мұқтаж отба­сы­ларға таратылу үшін жеткізілді. Жал­пы алғанда, Компания Windows 10 бағ­дар­ла­масымен жабдықталған 1200-ден астам компьютерді тапсырды.

Сонымен қатар жалпы адам мен қоғамның арасындағы алтын кө­пір­ді нығайту үшін NCOC қыз­мет­керлері мен мердігерлер персоналы #bizbirgemiz науқаны аясында күнкөрісі төмен отба­сы­ларға көмек көрсету үшін қаражат жинады. 4 аптаға жуық мерзімде 2,5 млн теңге жиналған болатын. Әлеуметтік қашық­тыққа қарамастан, адамдар бір-біріне көмектесудің жолдарын тауып, кө­мекке зәру отбасыларға қол ұшын созды.

Індетпен күрес әлі тоқтаған жоқ. Компания Атырау және Маңғыстау облыстарының тұрғындарына барынша қолдау көрсетуден аянып қалмайды.

Қызмет еткен бастапқы жылдардан бастап, NCOC компаниясы жергілікті қоғамның ажырамас бөлігіне айналды және компания үшін осы қиын кезеңде барынша қолдау көрсету өте маңызды.

1

 

Қуанышбек МҰҚАНОВ,

Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В. (NCOC) денсаулық, еңбек, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі директоры