Соған қарамастан Қостанайда мамандандырылған жаңа емдеу мекемесінің құрылысы басталды. Бұл туралы өңірлік жедел штаб отырысында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов айтты.
– Биыл қазан айының 1-іне дейін Қостанай қаласында 200 орындық инфекциялық аурухана пайдалануға беріледі. Қазір Орал көшесінің бойында құрылыс жүріп жатыр. Алдағы екі айдың ішінде толық салынып бітеді, – деді аймақ басшысы.
Жаңа аурухананы дәрігер мамандармен қамту мәселесі де реттеліп қойған. Биыл облысқа өзге өңірлерден 240 дәрігер келеді. Аймаққа жас мамандарды көптеп тарту мақсатында оларға берілетін көтерме ақы көлемі де өскен. Бұған дейін 1,5 млн теңге көлеміндегі көтерме ақы тек ауылға баратын дәрігерлерге ғана беріліп келсе, биылдан бастап қалалық мекендердегі медициналық мекемелерге жұмыс істеуге келген мамандарға да 1 млн теңгеден қолдау көрсетілетін болады.
Қостанай облысы