Әлем • 06 Тамыз, 2020

6 тамыз − Дүниежүзілік ядролық қаруға қарсы күрес күні

1427 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін бүкіл әлемде ядролық қаруға қарсы күн, деп хабарлайды Egemen.kz

6 тамыз − Дүниежүзілік ядролық қаруға қарсы күрес күні

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде АҚШ-та атом бомбасының құрылуы адамзат өміріндегі жаңа кезеңнің басталуын белгіледі. Осыдан кейін ешкім жаңа қарудың жойқын күшінен және оның қорқынышты салдарларынан сақтандырыла алмады.

Сонымен 1945 жылдың 6 тамыздында америкалық авиация Жапонияның Хиросима қаласын атом бомбасымен бомбалаған еді. Қаза тапқандар туралы нақты деректер әлі жоқ. Алайда сарапшылардың бағалауы бойынша 300 мыңға жуық адам бомбалаудың құрбаны болды. Ал тағы 200 мыңға жуық адам радиоактивті сәулеленуге ұшырады. Атом бомбасының құрбандары жыл сайын радиациялық аурудың салдарынан өсе берді.

Жапония тұрғыны Коко Кондо: "Жарылыс болған кезде мен кішкентай қыз едім. Осы күнге дейін оны ұмыту мүмкін емес. Сол кезде мен үйде болғаным есімде. Қорқыныштан мен көзімді жұмып алдым. Көзімді ашқан кезде барлық жер қара түтін болды. Бомба жүздеген адамның өмірін қиды. Бомдадан кейін көбісі одан ауыра бастады. Мен және менің халқымның бастан кешкендерін, басқаның басына тілемес едім", дейді Хирасима оқиғасының куәгері.