Аймақтар • 06 Тамыз, 2020

Министрлік өңірлерде МӘМ жұмысын тексеруде

233 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов Министрліктің медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын жақсарту және оларда карантиндік шаралардың сақталуы жөніндегі ұсынымдарының орындалуын тексеру мақсатында Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне барды.

Министрлік өңірлерде МӘМ жұмысын тексеруде

Ерлан Әукенов өзінің жұмыс сапарын Шымкенттен бастады және ең алдымен №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы мен №6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барды.

Орталық басшылығы вице-министрге қызмет алушылардың коронавирустық инфекцияны жұқтыруына жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. МӘМ-ге туыстары мен жақындарына келуге тыйым сала отырып, карантин енгізілді; бұқаралық, мәдени және басқа да іс-шараларды жүргізу тоқтатылды; санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіледі; қамқорлыққа алынғандардың денсаулық жағдайы тәулік бойы бақыланады; санитариялық-дезинфекциялық режим және әлеуметтік қашықтық сақталады; барлық қызметкерлер мен қызмет алушылар жеке қорғаныш құралдарымен (маскалармен, қолғаптармен, антисептикалық спрейлермен) қамтамасыз етілген.

Бұдан басқа, Еңбекмині ұсынымдарын орындау шеңберінде қызмет алушылар мен Орталық қызметкерлері коронавирустық инфекцияның бар-жоғына тексерілді.

Қабылданған шаралар МӘМ қамқорлығындағы адамдарды COVID-19 жұқтыруына жол бермеуге мүмкіндік берді.

Бұл ретте қызмет алушылардың туыстары олармен және медициналық персоналмен бейнебайланыс режимінде байланыса алады.

Күндізгі жартылай стационардың қызмет алушы балаларының көбісінің карантин кезінде үйде дефектологтармен, логопедтермен, психологтармен және ЕДШ нұсқаушыларымен онлайн-режимде жаттығуға мүмкіндігі бар.

Орталықтарда тұратын бөлмелерді, медициналық көмек көрсету, тамақ ішу орындарын, ойын алаңдарын және т. б. 100% қамтитын жаңа бейнебақылау жүйесін орнату бойынша жұмыс аяқталуда.

«Министрлік тарапынан көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында біз жергілікті атқарушы органдарға барлық МӘМ-ді интернетпен қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар бердік. Елімізде жұмыс істейтін 113 МӘМ-нің 74-інде WI-FI қосылған. Сонымен қатар, біздің ұсыныстарымыз бойынша 113 мекемеде қоғамдық кеңестер құрылды. МӘМ-нің барлығында әлеуметтік желілерде аккаунттар пайда болды. 95 МӘМ-нің бюджеттері еркін қол жетімділікте жарияланды. Басшылық пен қызметкерлердің қамқорлықтағылардың туыстары мен жақындарымен тығыз байланысы қалыптасқан», – деді Ерлан Әукенов.

Жұмыс сапары барысында вице-министр сондай-ақ карантиндік шаралардың сақталуын және Түркістан және Жамбыл облыстарының, Алматы қаласының МӘМ-де барлық ұсынымдардың орындалуын тексереді.