Бұған дейін 18 шілдеде "Атамекен" ҰКП өңірлік филиалы Атырауға 7 оттегі концентраторын әкелген болатын.
"Оның үшеуі Жылыой аудандық орталық ауруханасына, екеуі облыстық ауруханаға, кардиологиялық орталық пен Исатай аудандық ауруханасына бір-бірден концентратор берілді. Ал, бұл жолы жеткізілген 26 оттегі концентраторы аудандар мен қаладағы емдеу мекемелеріне таратылады. Атырауға тағы да осындай 139 аппарат жеткізіледі деп күтіліп отыр", -дейді "Атамекен" ҰКП Атырау өңірлік палатасының сарапшысы Еркебұлан Бәделов.