Қазақстан • 06 Тамыз, 2020

Ұшу қауіпсіздігі органдарының өкілдері үшін тексеру нысаны жеңілдетілді

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 16 шілдедегі № 327 бұйрығымен "Ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекеттік авиация қызметіне мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 424 бұйрығына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Ұшу қауіпсіздігі органдарының өкілдері үшін тексеру нысаны жеңілдетілді

Бұған дейін ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша авиация қызметіне мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізу қағидаларының 29-тармағының 2) тармақшасына сәйкес объектіге тексеру жүргізу үшін келген ұшу қауіпсіздігі органдарының лауазымды адамдары Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 370 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының қызметін бақылау және қадағалау органының әскери қызметшілеріне қызметтік куәлікті беру, пайдалану қағидаларын және сипаттамасын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес белгіленген үлгідегі қызметтік куәлігін көрсетуі тиіс болатын.

Жоғарыда көрсетілген бұйрықтың күшін жоюға байланысты құжаттың жаңа мазмұндамасында, объектіге тексеру жүргізу үшін келген ұшу қауіпсіздігі органдарының лауазымды адамдары қызметтік куәліктің орнына жеке куәлігін көрсетеді.

Құжаттың толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz.