Коронавирус • 06 Тамыз, 2020

Алматы облысында ауыр науқастар 60 пайызға азайды

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазір Алматы облысындағы стационарларда орын тапшылығы жоқ. Жалпы 3345 адам медицина қызметкерлердің бақылауында. Оның ішінде стационарлық емдеуде 1 637 науқас бар, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында ауыр науқастар 60 пайызға азайды

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбековтың айтуынша, елде жарияланған карантин облыстағы эпидахуалдың жақсаруына оң әсерін тигізді.

"Облыста COVID-19 инфекциясымен күреске медициналық ұйымдарда қосымша провизорлық орындар ашылған болатын. Бүгінгі күні провизорлық орындардың 40 пайызы ғана жұмыс жасап тұр. Медициналық мекемелер 4 тамыздан бастап қалыпты жағдайдағы жұмыстарын бастады. Яғни, науқастар жоспарлы түрде ем қабылдауына болады. Сонымен қатар облыста құрылған 391 мобильді топ үйде ем шараларын тағайындау арқылы науқастар санының азаюына үлкен септігін тигізді", - деді денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков.

Сонымен қатар басқарма басшысы облыстағы барлық медициналық мекемелер вирусқа қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілгенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20