Коронавирус • 06 Тамыз, 2020

Вирусология профессоры: Індеттің қауіпті көзі - симптомсыз тасымалдаушылар

2023 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бұл туралы ҚазМУНО микробиология, вирусология және жалпы иммунология кафедрасының профессоры Раушан Тиесова-Бердалина, өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы онлайн-сұхбат барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Вирусология профессоры: Індеттің қауіпті көзі - симптомсыз тасымалдаушылар

Сұхбат барысында спикер жеңіл дәрежедегі ауруды ауыр түрінен қалай ажыратуға болады және қандай белгілер бойынша медициналық көмекке жүгіну керек деген сұраққа жауап берді.

"Бүгінде жеңіл және ауыр түрдегі аурудың айырмашылығы айқын. Әдетте ауру адамның интоксикация күйін бастан кешіруден басталады. Бұл - әлсіздік, нашар ұйқы, тәбеттің нашарлауы. Бұл симптомдар аурудың жеңіл түрінде елеусіз болуы мүмкін. Бұл белгілердің күшеюі және дене қызуының 38 градусқа дейін жоғарылауы - процестің шиеленісіп жатқанын және аурудың асқынғандығын көрсетеді", - деді маман.

Оның айтуынша, бұдан басқа, ЖРВИ белгілері артқан, яғни тыныс алу жолдарында: мұрынның ісінуі, орофаринс, құрғақ жөтел, терлеу секілді белгілері байқалып жатыр. Сондай-ақ кеудеде ауырсыну, қозғалу кезінде ентігу пайда болуы мүмкін. Мұның бәрі жағдайдың нашарлап бара жатқандығын көрсетеді.

"Дене қызуының 38 градустан асуы, тыныс алудың қиындауы, тәбет жоғалуы, тыныс алу синдромдарының жоғарылауы, мұның бәрі тез арада ауруханаға, медициналық көмекке жүгіну қажет екендігін білдіреді. Ауру белгілері жеңіл болса, сіз дәрігерден онлайн режимінде кеңес ала аласыз", - дейді спикер.

Адамдар ауырған кезде, бұрыннан бойында бар қант диабеті, артериялық гипертензия, жүрек-тамыр аурулары секілді аурулары күшейе түседі. Ковид-19 және тыныс алу жолдарының аурулары, науқастың жағдайын ауырлата түсуіне себепкер болады, өйткені бұл аурудың өзі- өте ауыр болып есептеледі. Адамның жалпы жағдайының нашарлай бастауы- медициналық көмекке жүгінуді қажет екендігін көрсетеді.

"Инфекцияның ең қауіпті көзі - бұл симптомы білінбейтін тасымалдаушылар. Оларда аурудың көрінісі жоқ, бірақ олар қоршаған ортаға вирусты шығарады. Симптомы білінбеуінің негізгі себебі - иммундық жүйеде, адамдарда болатын созылмалы ауруларда болуы мүмкін.

Халықтың медициналық көмекке жүгіну деңгейі 14% құрайды, сәйкесінше науқастардың 85%-ы медициналық қызмет алудан тыс қалуы мүмкін", - деді профессор.

Симптомы білінбейтін тасымалдаушыларды тек зертханалық зерттеулер арқылы, яғни бактериологиялық дақылдар арқылы анықтауға болады. Тиісінше, тасымалдау - аурудың ең қауіпті кезеңі болып табылады. Бұл коронавирустық инфекцияға, әсіресе тыныс алу жолдарының ауруларына тән. Орташа алғанда, ауру жұқтырғандардың 60-80%-ы жеңіл түрде ауырып шығады. Сондықтан қабылданған барлық шаралар, статистикалық мәліметтерге сәйкес, нақты және тиімді болып табылады.

"Егер біздің тұрғындар уақтылы медициналық тексерістен өтіп, тыныс алу жолдарының созылмалы ауруларын анықтап отырса дұрыс болар еді. Өйткені олар көбінесе инфекцияны тасымалдаушы және көбеюіне себепкер болып жатады", - деп толықтырды сөзін спикер. "Маска тағу - инфекцияның таралуын тежейтін шараның бірі".