Коронавирус • 06 Тамыз, 2020

Алматы дәрігерлері: Қарапайым ережелер қайғыдан сақтайды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының директоры Ғани Бодықов мәлімдеді.

Алматы дәрігерлері: Қарапайым ережелер қайғыдан сақтайды

"Мамандарды даярлау бойынша жұмыс жүргізілуде. Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ұйғарымымен құрылған жоғары медициналық колледжінде тәжірибелік денсаулық сақтау мамандарына арналған білім беретін "Оқу-әдістемелік орталық" жұмыс істейді. Қазіргі уақытта провизорлық бөлімшенің 4 дәрігері осы орталықта "Жүктілік, босану және коронавирустық инфекция" тақырыбында онлайн режимде білім алуда", – деді Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының директоры Ғани Жандиярұлы.

Орталықтың эпидемиологиялық қызметі дәрігерлерге, мейірбикелерге және кіші медициналық персоналға КВИ диагнозын қою және емдеу, оқу-жаттығу киімдерін кию және жеке құрамға арналған оқыту семинарларын үнемі өткізіп тұрады.

"Пандемия мен қауіптің жоғарылауына қарамастан, Орталық Алматы қаласының барлық аймақтарындағы жүкті, босанған әйелдерге және босану қаупі жоғары әйелдерге жоғары білікті көмек көрсетуді жалғастырып жатыр. Күніне 30-50 науқас ауруханаға жатқызылады, 30-45 адам босанады, оның 35% -ы жедел, күрделі патологиясы бар нәрестелер емделеді", - деді Орталық директоры Ғани Бодықов.

Айта кетейік, Орталықтың негізгі мақсаты – ана мен баланың денсаулығын жақсарту арқылы салауатты болашақ құру. Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының қызметкерлері кез-келген жағдайда миссиясын орындауға дайын.

"Қарапайым ережелерді халыққа ұсынғым келеді. Масканы киіңіз, өйткені оны кию, сөзсіз, коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін азайтады, қолыңызды жиі жуыңыз, көп жиналатын жерлерден аулақ болыңыз", – дейді Орталық директоры.