Саясат • 07 Тамыз, 2020

Жеңілдік жасалды

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент жанындағы экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мем­лекеттік комиссия пандемия ке­зе­­ңінде денсаулық сақтау орган­да­рында мемлекеттік қызметке та­ғайындауды және конкурстық рә­сім­дер­ді жеделдетіп жүргізу мәселесін пы­сықтауды тапсырған болатын.

Жеңілдік жасалды

Бұл ретте карантин кезеңінде Үкіметтің әлеу­меттік блогына жүктелген қазіргі және алдағы міндеттерді ескере отырып, же­дел­де­тілген конкурстық рәсімдерді ха­лықты әлеуметтік қорғау (бүгінгі жағдайларда әлеу­меттік шараларды қам­тамасыз ету жө­ніндегі міндеттерге бай­ла­нысты) және білім беру (пандемия кезеңінде үздіксіз білім беру процесін сапалы ұйымдастыру жөніндегі міндеттерге байланысты) сала­ла­рын­дағы органдарға тарату туралы шешім қабылданды.

Конкурстық рәсімдердің мерзімін қыс­қарту осы органдардағы бос жұмыс орын­дарын жедел толтыруға мүмкіндік бере­ді, бұл осы ведомстволарға жүктелген міндеттерді уақтылы орындауға ықпал етеді. Жо­ғарыда айтылғандарды ескере отырып, Мем­лекеттік қызмет істері агенттігінің осы жылғы 22 шілдедегі бұйрығымен конкурсты өткізу Ережесіне тиісті түзетулер енгізілді.

Мәселен, енгізілген түзетулерге сәйкес карантин кезеңінде денсаулық сақ­тау, еңбек және халықты әлеуметтік қор­ғау, білім және ғылым министрліктері, сондай-ақ әкімдіктердің денсаулық сақтау, ха­лық­ты жұмыспен қамту және білім беру сала­сындағы бөлімшелері лауазымдарына кон­курстар өткізу мерзімі қысқартылды. Осы­лайша конкурстық рәсімдер жиырма екі күннен төрт күнге дейін қысқартылды.