Елорда • 07 Тамыз, 2020

Елордада түнгі уақытта кәмелетке толмағандар болған кафе анықталды

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

05 тамызда түнгі сағат 03.00-де Шевченко көшесіндегі кафеде бас санитарлық дәрігердің қаулысын бұзу фактісі тіркелді. Карантиндік шараларға қарамастан, кафе жұмыс істеді, мекеме ішінде 26 клиентке қызмет көрсетті, олардың ішінде бес кәмелетке толмаған балалар болды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Елордада түнгі уақытта кәмелетке толмағандар болған кафе анықталды

Кәмелетке толмаған балалардың заңды өкілдері түнгі уақытта ойын-сауық мекемесінде ересектердің еріп жүруінсіз жүргені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мекеме иесі сондай-ақ ҚР ӘҚБК 132-бабына сәйкес түнгі уақытта кәмелетке толмағандарға жол бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады және 10 АЕК ( 27.780 теңге) мөлшерінде айыппұл төлейді.

Сонымен қатар, кафенің иесіне қатысты карантинді бұзғаны үшін материалдар жиналып, іс жүргізу шешімін қабылдау үшін тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына берілді.

Өткен тәулікте полиция, эпидемиолог, волонтер және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері арасында Нұр-Сұлтан қаласында бас санитарлық дәрігердің қаулысын сақтамау бойынша карантиндік шаралардың 11 бұзушылығы анықталды, оның ішінде көңіл көтеретін орындар, сауналар, дүкендер, лото-клуб, кальян-бар және автожуу бар.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарға карантиндік шараларды бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді және санитарлық нормаларды сақтауға шақырады.