Саясат • 07 Тамыз, 2020

Ерлан Қарин "Жусан" операциясы туралы кітап жазды

1498 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстандық саясаттанушы, терроризм мәселелері жөніндегі сарапшы Ерлан Қарин "Жусан" операциясы: Сириядан кімді және неге қайтарылды?" атты кітабы жарыққа шықты, деп хабарлайды Egemen.kz

Ерлан Қарин "Жусан" операциясы туралы кітап жазды

2019 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстанның арнайы қызметтері "Жусан" құпия атауымен ең күрделі және ауқымды арнайы операцияларды жүзеге асырды. Нәтижесінде, Қазақстанға Сириядан 400-ден астам бала мен 100 әйел отанына қайтарылды.

БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар осы гуманитарлық операцияға жоғары баға берді. Бірқатар қоғам қайраткері арнайы қызметтердің осы акциясы туралы фильм түсіруді ұсынды. Бірақ, бұл әйелдер мен балалар кім болды? Олар Сирияға қалай келді? Оларды неге отанына қайтару керек болды? Кітапта осы және басқа сұрақтарға ғана емес, сонымен бірге қазіргі әлемдегі радикализм проблемасына жан-жақты талдау жасалып, осы мәселе бойынша көптеген мәлімет пен статистика келтірілді.

Ерлан Қарин "Жусан" операциясына қатысушылардың бірі болып табылады. Сондықтан кітап бір жағынан радикалдану тақырыбындағы көп жылғы қажырлы зерттеудің нәтижесі, ал екінші тұсы арнайы қызметтер тарихындағы ең ауқымды және құпия операциялар сахнасының артында қалған туралы куәгердің әңгімесі ретінде қалың оқырманға жол тартады.

Автор кітап материалдарымен жұмысты 2014 жылы бастаған.  Ол Орталық Азия азаматтарының Сирия мен Иракқа соғыс қимылдарына қатысу мәселесін зерттеумен қатар, тың ақпараттар легін қарастырды. Біраз уақыттан кейін, 2015-2016 жылдары әйелдер мен балаларды радикалды экстремистік насихатта қолдану тақырыбына басты назар аударылды.

"2016 жылы біз тіпті баяндама жарияладық, онда алғаш рет әйелдер мен балаларды экстремистік насихатта радикалдандыру және пайдалану мәселесіне баса назар аудардық. Кітап үшін материал жинап, оны құрған кезде, 60 пайызы Сирия мен Ирактың, түрлі радикалды террористік ұйымдардың мысалында радикалдану мәселелерін талдағаны белгілі болды", деп түсіндіреді автор. Ал кітаптың қалған бөлігі "Жусан" операциясының егжей-тегжейлеріне арналғанын атап өтті.

Ерлан Қариннің айтуынша, кітап Халықаралық қатынастар мен ұлттық қауіпсіздіктің заманауи мәселелеріне қызығушылық танытқандар үшін де пайдалы болады.

Атап айтқанда, кітапта алғаш рет операцияның көптеген белгісіз бөлшектері туралы айтылады.

"Бірқатар халықаралық террористік ұйым бұл адамдарды сатып алуға тырысты, өйткені олар оларды жалдау және өз қатарларын толықтыру ретінде пайдаланғысы келді. Болашақта жаңа қауіптерді азайту үшін операция Ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан өзін ақтады", деп қосып өтті саясаттанушы.

Кітаптың соңында "Жусан" операциясының әр кезеңі туралы видеохроникаға QR-сілтемелер орналастырылған.