Аймақтар • 07 Тамыз, 2020

Өскеменде сауда орындарына рейд жүргізілді

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі арнайы жұмыс тобы өкілдерімен бірге Өскемен қаласының орталық көшелерінде орналасқан сауда нысандарына рейд жүргізуді жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өскеменде сауда орындарына рейд жүргізілді

Аймақта рейд жұмыстары әлемдік пандемияға байланысты ел аумағында ТЖ режимі жарияланған уақытта басталған болатын. Бүгінгі күнге дейін арнайы топ өкілдері карантин талаптары бойынша қоғамдық тәртіпті бақылауда ұстап отыр.

Жұмыс тобы санитарлық талаптарды сақтамаған кәсіп иелеріне ескерту жасап, қоғамдық имунитетті қалыптастыру мақсатында карантин ережелерін сақтауды талап етті.

Сауда орындарын тексеру кезінде әртүрлі мекемеде санитарлық қауіпсіздікті сақтауға ерекше ден қойылғаны байқалды. Дегенмен арасында әлі де қауіпті елемейтіндер табылып жатты. Оларға жобалық кеңсе тарапынан кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бетперде тағу, арақашықтықты сақтау сынды талаптар ескерусіз қалмау үшін арнайы жұмыс тобы күнделікті рейд жүргізеді. Мәселен арнайы жұмыс тобы ұйымдастырған рейдтің бірінші күні санитарлық талаптарды сақтамағаны үшін кәсіп иелері ескерту алды.