Полиция қызметкерлері бұрын сотталған адамдарды қаққанымен ештеңе таба алмаған. Бірақ жуырда соның бірінің үйіне қайта барған тергеуші көзден қағас жерде қорабымен тұрған шұлықтарды көріп қалады. Нақ осындай заттар ұрланғандардың арасында тіркелген болатын. Жедел-іздеу шараларының арқасында күдікті де ұсталып, оның үстінен қылмысты іс қозғалды. Оның үйін жіті тінту барысында басқа да ұрланған заттар табылып, айғақтар күдіктіні бұлтартпады. 1971 жылы туған күдікті қамауға алынып, өзінің қылмысқа қатыстылығын мойындаған.
Аудандық ПБ бастығы, майор Руслан Мұхамбетжановтың айтуына қарағанда «көптеген дүкен иелері сақтық шараларына салақ қарайды. Бейнежазба құралдары мен күзет түгілі дабыл қоюды да білмейді. Соның кесірінен суық қолды адамдар дүкенге түскіш», дейді ол.
Жыл басынан бері Солтүстікқазақстандық полицейлер осындай бұрын жасалған 751 қылмысты ашты. Бұлардың бәрі із суытпай ашылмағандар. Соның ішінде 242 қылмыс бұрынғы жылдары жасалғандар.