Аймақтар • 07 Тамыз, 2020

Архимед Мұхамбетов аймақтың жаңа оқу жылына дайындығы туралы есеп берді

269 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов аймақтың жаңа оқу жылына дайындығы туралы есеп берді. Әкімнің айтуынша, биыл Қостанай облысында орта білім беру елдегі санитарлық-эпидемиялық жағдайға байланысты бірнеше бағытта ұйымдастырылатын болады.

Архимед Мұхамбетов аймақтың жаңа оқу жылына дайындығы туралы есеп берді

Бүгінде облыста 490 мектеп жұмыс істейді. Алдағы оқу жылы 12 мыңнан астам бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттайын деп отыр. Жаңа оқу жылы жалпы аймақ мектептерінде 108,6 мың бала оқиды деген болжам бар. 16 мың бала дәстүрлі түрде мектеп қабырғасында оқымақ. Ал 27 мыңоқушы кезекші сыныптарда, 65 мың шәкірт қашықтықтан білім алатын болады.

Биыл, ауылдық мекендердегі шағын комплексті мектептерді қоспағанда, барлық мектептер жаңа оқу жылын қашықтан оқыту жүйесі арқылы бастамақ. Облыста 18,6 мың оқушыны қамтитын 330 шағын комплексті мектеп  бар. Оның ішінде жалпы саны 16 мыңнан астам оқушы  бар 265мектеп санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын күшейте отырып, штаттық режімде оқитын болады. Бұл мектептердегі оқыту екі ауысымда ұйымдастырылады, ауысымдар арасында бір жарым сағат үзіліс болады, желдету режимі қатаң сақталады және әр сабақтан кейін дезинфекциялау жүргізіледі. Мектептерде маскалық режім енгізіліп, медициналық бақылау күшейтіледі.

Ауылдардағы шағын комплексті мектептердің оқушылары сол елді мекендердің эпидемиялық аһуалы тұрақтанған жағдайда ғана мектепке барып оқитын болады. Егер жағдай ушығып жатса,облыстың білім беру жүйесі толықтай қашықтан оқыту режіміне көшедіҚалған 225 мектептегі оқу үдерісі қашықтан ұйымдастырылады. Бұл мектептерде жалпы саны 92,5 мың оқушы  бар.

- Қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін биыл жазда 1,4 млрд теңгеге 6 мың комьпютер сатып алынды. Бұл облыстың білім беру ұйымдарының компьютерлік паркін 50%-ға жаңартуға мүмкіндік берді. Мұның сыртында, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі үкіметтік резервтен жалпы сомасы 2,4 млрд теңгеге 15 мыңнан астамкомпьютерлік техниканы сатып алуға қосымша қаражат бөлуді қарастырып жатыр. Мұғалімдер мен оқушыларға, бірінші кезекте әлеуметтік осал топтарға жататын отбасылардағы балаларға қайтарылмалы негізде 11188 компьютерлік техника берілді, - деді А.Мұхамбетов.