Аймақтар • 08 Тамыз, 2020

Іле-Алатауында қызыл кітапқа енген аю фотоқақпанға ілікті

866 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жануарлар дүниесі ұдайы бақыланады. Бұл туралы Іле-Алатау паркінің Facebook-тегі хабарламасына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Іле-Алатауында қызыл кітапқа енген аю фотоқақпанға ілікті

Ол әр түрлі әдістер арқылы (көзбен шолу, іздерін қарау, фотоқақпандар арқылы, дауысын есту т.б). Ұлттық парк аумағындағы Қазақстан Республикасының қызыл кітабына кіретін түрлер ерекше назарда ұсталынады. Солардың бірі Тянь-шань қоңыр аюы. Аюлар қысқы ұйқысынан оянған соң қара күзге дейін тынымсыз жем іздеп тау ормандарын кезеді.

Парктің ғылыми қызметкерлері, аңтанушы-биологтары, мемлекеттік инспекторлар аң жүретін соқпақтарға фотоқақпандар орнатады. Ақсай филиалындағы шатқалдардың біріне орнатылған фотоқақпанға шілде айында іліккен Тянь-шань қоңыр аюы болатын.