Қоғам • 08 Тамыз, 2020

Баланы терезеден құлаудан калай қорғау керек?

736 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қ. ПД ЖПҚБ ювеналды полиция қызметкерлері "Баланы терезеден құлаудан қалай қорғауға болады?" тақырыбында қала тұрғын үйлерінің аулаларында азаматтармен түсіндіру жұмыстарын өткізіп, сондай-ақ 1000 данаға жуық тақырыптық жадынамалар таратты, деп хабарлайды Egemen.kz

Баланы терезеден құлаудан калай қорғау керек?

Жыл сайын көптеген балалар биіктіктен құлап қайтыс болуда.

Терезеден құлау, әсіресе қалаларда - балалардың жарақаты мен өлімінің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Балалар табиғи қызығушылығына байланысты ашылған терезеге өте осал болып келеді.

Баланы терезеден құлаудан калай қорғау керек?
1.Құлау жағдайларының көпшілігі ата-аналар балаларды қараусыз қалдырған кезде пайда болады. Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыз.
2.Бала терезеге көтеріле алмайтындай етіп, жиһаздың барлық түрлерін терезелерден алыстатыңыз.
3.Москит торларына ешқашанда сенбеңіз! Олар балалардың құлап кетуден қорғауға арналмаған! Керісінше, москит торы қайғылы жағдайға ықпал етеді, өйткені бала өзін қауіпсіз сезінеді және терезелерге де, оған да сүйенеді. Көбінесе балалар осы торлармен бірге құлап кетеді.
4.Мүмкіндігінізше терезелерді төменнен емес, жоғарыдан ашыңыз.
5.Терезелерді балаға терезені бірнеше дюймден артық ашуға мүмкіндік бермейтін арнайы бекіткіштерге қойыңыз.

Құрметті ата-аналар, сақ болыңыздар!!!