Технология • 08 Тамыз, 2020

Қызылордада интернет-алаяқ құрықталды

536 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада интернет-алаяқпен айналысқан 26 жастағы тұрғын ұсталды. Бұл туралы polisia.kz хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Қызылордада интернет-алаяқ құрықталды

Қызылорда қаласының тұрғыны сенімді теріс пайдалану жолымен танысының атынан интернет банкінен  75 мың теңге ақша алып, жымқырған. Қызылорда облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасымен  аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігінің 4-тармағымен "Алаяқтық" сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

Тергеу барысында күдікті қатарында танылған Қызылорда қаласының 26 жастағы тұрғыны өзінің  жасаған қылмыстық әрекетін толығымен мойындады. Сонымен қатар, тергеу барысында күдікті азаматшаның аталған қылмыстан бөлек тағы алаяқтық жасағаны анықталып, бұл қылмыстық істер бір өндіріске біріктірілген.  

Қылмыстық әрекет толығымен өз дәлелін тауып, іс айыптау актісімен сотқа жолданды. Сот процесінде күдікті азаматша өз кінәсін толығымен мойындап, жәбірленушілерге келтірілген шығынды толық өндіріп берді.  12 маусым 2020 жылғы сот үкімімен азаматша кінәлі деп танылып, оған екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.