Әлем • 09 Тамыз, 2020

Беларуссияда президенттік сайлау өтті

1426 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Беларуссияда президенттік сайлау өтті. Бұл туралы Орталық сайлау комиссияның төрағасы Лидия Ермошина журналистерге мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Беларуссияда президенттік сайлау өтті

Лидия Ермошинаның айтуынша, Минскіден басқа барлық аймақтың 50%-ы қатысқан. Сонымен бірге 12.00-дегі ақпарат бойынша Гомель және Могилев облыстарында сайлаушылардың 60%-дан астамы сайлау учаскелеріне келді. "Бұған пайыздар және мерзімінен бұрын дауыс беру сандары да кіреді", деп түсіндірді Орталық сайлау комиссиясының басшысы.

12.00-дегі нәтижелер бойынша Президенттік сайлауға сайлаушылардың келуі 54,57%-ды құрады.

Брест облысында сайлаушылардың жалпы саны 50,3% құрап отыр. Солардың қатарында Витебскте – 56,49%, Гомельде – 66,06%, Гроднода – 52,99%-ы сайлау учаскелеріне келген.

Әзірге Минскі жұртының тек 43,01%-ы дауыс берген.