Спорт • 10 Тамыз, 2020

World Аthletics Турку мен Монакодағы халықаралық маусымды бастайды

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы (World Athletics) үш айлық үзілістен соң маусымды қайта қолға алды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

World Аthletics Турку мен Монакодағы халықаралық маусымды бастайды

Атап айтар болсақ, 11 тамыз күні Финляндияның Турку қаласында Пааво Нурми атындағы турнир басталады.  Ал үш күннен соң Монакода "Гауһар лигасының" қысқартылған нұсқасы Herculis EBS жалауын көтереді. 

Ұйымдастырушылар жарыс барысында барлық қауіпсіздік шаралары сақталатынын айтуда. Қатысушылардың барлығы қатаң тексеруден өтіп, COVID-19 вирусына тест тапсырады. 

"Біз дәл қазіргідей дамылсыз жұмыс істемеген шығармыз. Жағдайдың қаншалықты қиын болғанын түсіндіре алмаймын. Әсіресе, Шенген аймағының қауіпсіз елдер тізіміне әлі енбеген АҚШ, Уганда, Кения спортшыларымен келісімге келу оңай соқпады", - дейді Монакодағы кездесу директоры Жан-Пьер Шебель.