Аймақтар • 10 Тамыз, 2020

Атырауда бүгін дүниеге келген ұлға Абай есімі берілді

923 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпаратына сүйенсек, облыстық перинаталдық орталықта бүгін,  10 тамыз –Абай күнінде 5 ұл, 5 қыз дүниеге келіпті. Ал, Абай есімі берілген ұлдың салмағы –  3 келі, 565 грамм, ал, бойы – 53 сантиметр, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда бүгін дүниеге келген ұлға Абай есімі берілді

"Отағасымен ақылдасып, қазақтың ұлы ақынының даналығын, ақыл-ойын берсін деген ниетпен төртінші перзентіміздің есімін Абай деп атауды ұйғардық.  Оның үстіне дәрігерлер 15 тамызда босанасың деген еді. Бірақ, сәбиіміз бүгін, 10 тамызда Абай күні аталып өтетін таңда өмірге келіп, есімін өзі таңдап алғандай болды. Үйдің үлкендері де біздің таңдауымызды қолдап отыр. Абайдың екі ағасы мен апасы бар", дейді 37 жастағы анасы Ақмарал Бәделова.

Атырау облыстық перинаталдық орталығы ана мен бала бірлескен бөлімшесінің меңгерушісі  Нұрлан Жұбанышевтың айтуына қарағанда, сәбилердің танымал адамдардың мерейтойымен тұспа-тұс дүниеге келуі – ерекше  оқиға. Мұның балалардың болашағына оң әсері тиеді.