Абай • 10 Тамыз, 2020

Ресейде қазақстандық дипломаттар Абайды еске алды

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық дипломаттар Абайдың 175 жылдығын Ресей астанасында атап өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz Елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресейде қазақстандық дипломаттар Абайды еске алды

Дипломатиялық миссияның жетекшісі Ермек Көшербаев бастаған Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің өкілдері, сондай-ақ Мәскеудегі қазақ мәдениеті қоғамдарының өкілдері Мәскеудегі Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Сонымен қатар, елшілік қызметкерлері Абайдың қара сөздерін  оқып, әйгілі "Желсіз тунде жарық ай" әнін шырқады.