Бұл күндері пандемияға байланысты футболдан кейінге қалдырылған Еурокубок бәсекелері өтіп жатыр. Ал 14 тамыздан бастап Еурододаның жаңа маусымына «старт» беріледі. Биылғы бәсекеде ел намысын Чемпиондар лигасында әдеттегідей елорданың «Астана» (бірінші іріктеу кезеңі) клубы қорғаса, Еуропа лигасында Алматының «Қайрат», Шымкенттің «Ордабасы» (екеуі де бірінші іріктеу кезеңі) және Қызылорданың «Қайсар» (екінші іріктеу кезеңі) командалары бақ сынайды.

Жуырда УЕФА биылғы кубок бәсекелерін бастамай тұрып, пандемияға байланысты Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының ұйымдастырылу барысына бірқатар шектеулер мен жаңа өзгерістер енгізді. Мәселен, УЕФА Еурокубок бәсекелеріндегі әрбір іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі алдында бәсекеге қатысатын команданың еліндегі эпидемиялық жағдайды, мемлекеттегі шектеу туралы мәліметтерді жариялап отырады.
Ал елдегі шектеулерді турнирге қатысушы командалар УЕФА-ға хабарлап отырады. Егер клуб көрсетілген мерзімде УЕФА әкімшілігіне тізімінде көрсетілгендерден басқа жаңа шектеулер бар екендігі туралы хабарламаса және мәліметті жасыра отырып матчты ұйымдастыруға әрекет етсе, УЕФА-ның Бақылау, этикалық және тәртіптік комитеті сол елдің командасына техникалық (0:3 есебімен) жеңіліс береді. Сондай-ақ егер үкімет тарапынан мемлекетке кіруге шектеу қойылған болса, клуб матчты бейтарап алаңда өткізе алады. Тек жағдайды алдын ала УЕФА-ға хабарлап, қай елде өткізгісі келетінін ұсынуы керек. Егер клуб иесі балама нұсқаны ұсына алмаса, ойын туралы шешімді УЕФА әкімшілігі қабылдайды. Бірақ бұл клуб кездесуді ұйымдастыруға жауапты болады, ал барлық шығындарды екі қарсылас өз мойнына алады. Егер олардың біреуі ойынға қатысудан бас тартса, онда 0:3 есебімен жеңіліс жариялайды.
Осыған орай бірер күн бұрын қазақстандық клубтар коронавирусқа байланысты форс-мажор жағдайында Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының үй матчтарын Грузияда өткізуі мүмкін деген ақпарат жарияланды. Мұны Грузия футбол федерациясының президенті де растап отыр.
«Егер екі тараптың бірі өз ойынын елінде өткізе алмаса, УЕФА-ның жаңа ережесі бойынша басқа елде өткізуге міндетті. Осы жағдайға байланысты біз УЕФА-ға кейбір матчтарды ұйымдастырып бере алатынымызды мәлімдедік. Біздің елде қай елдің командалары ойнауы мүмкін? Мысалы, қазір Қазақстанда эпидемиялық жағдай қиын. Егер Қазақстан командалары қарсыластарын елдерінде қабылдай алмаса, онда біз бұл мүмкіндікті қарастырамыз. Бұл біздің еліміздің имиджіне оң әсер етеді», деді Кобиашвили.
Әдетте, Еурокубок матчтары үйдегі және сырттағы деп екіге бөлінетін. Биылғы жағдайға байланысты кездесулер екі емес, тек бір матчтан тұрады (Чемпиондар лигасының төртінші іріктеу кезеңінен басқа іріктеулер). Сондықтан биыл кей матчтарды өз алаңында өткізетін команда жеребеден кейін 24 сағат ішінде УЕФА әкімшілігіне ойынның қай жерде өтетіні, қай күні және қай уақытта басталатыны туралы жазбаша растау жіберуі керек. Дәл осындай деректерді қарсылас клубқа да беру міндетті.
Егер УЕФА әкімшілігі енгізілген шектеулер туралы ақпаратты дұрыс емес немесе жеткіліксіз деп санаса немесе бұл шектеулер матчты бейтарап алаңға, басқа елге ауыстыру үшін жеткіліксіз болса, соңғы шешім УЕФА әкімшілігінде қалады. Бұл жағдайда алаң қожайыны саналатын клуб кездесуді ұйымдастыруға және барлық шығындарға жауап береді. Егер қарсыластардың бірі ойынға қатысудан бас тартса, оған 0:3 есебімен жеңіліс береді.
Жеребе тартылып, матч алғашқы команданың елінде өтуі керек болып, алайда белгілі септермен бұл ойынды өз елінде ұйымдастыра алмайтын болса клубтар өзара келісіп (УЕФА мақұлдауымен), матчтың өткізілетін орнын ауыстыра алады.
Егер матчты қабылдайтын команда УЕФА-ға ойыннан екі күн бұрын елдегі жағдайдың тұрақты екенін мәлімдеп, алайда кездесуге бір күн қалғанда немесе матч күні мемлекеттік немесе жергілікті билік органдары спорттық жарыс өткізуге шектеу енгізсе, ел билігі күнтізбеге сәйкес матчты өткізуге кедергі келтіргені үшін шектеу енгізген елдің клубына 0:3 есебімен жеңіліс беріледі.
Егер жоғарыда аталған жағдайларда екі клуб та ойнаудан бас тартса немесе ойынның өтпеуіне кінәлі деп саналса УЕФА оларды Чемпиондар лигасының және Еуропа лигасының 2020/21 жылғы маусымынан шеттетеді.
Командалар матчтан бір күн бұрын коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тест тапсырады. Егер тест оң нәтиже берсе УЕФА жергілікті үкіметтің шешімін күтеді. Егер командада 13 футболшы вирустан дін аман болса, жергілікті үкімет матч өткізуге рұқсат берсе, ойын өтеді. Ал рұқсат бермеген жағдайда УЕФА ойын өтетін күнді басқа уақытқа көшіруі мүмкін. Тіпті матч уақытын ауыстыруға мүмкіндік болмаса, сол ойында алаң қожайыны саналған клубқа техникалық жеңіліс жазылады.
УЕФА бекіткен мерзім бойынша, Чемпиондар лигасының електік кездесулері 14 тамызда, бірінші іріктеу кезең 21 тамызда, екінші іріктеу кезең 11 қыркүйекте, үшінші іріктеу кезең 18 қыркүйекте ойналады. Ал төртінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчы 25 қыркүйекке, қарымта кездесуі 1 қазанға жоспарланған.
Еуропа лигасының матчтары мына күнтізбелік уақытта өтеді: алғашқы електік кезең 22 тамызда, бірінші іріктеу кезең 12 қыркүйекте, екінші іріктеу кезең 19 қыркүйекте, үшінші іріктеу кезең 26 қыркүйекте және төртінші іріктеу кезеңі 2 қазанда ұйымдастырылады.
Түркістанда жыл басынан бері 124 адамға әлеуметтік көмек көрсетілген
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Тарих • Кеше
Тұрғын үй құрылысы тұраламас үшін...
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қандастардың қатары қалыңдайды
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордада вакцина егудің екінші кезеңі басталады
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бас санитардың жаңа қаулысы шықты
Елорда • Кеше
Түркі академиясының басшысы Моңғолия елшісімен кездесті
Руханият • Кеше
Президент 4 оқушыны қаққан мас жүргізуші оқиғасын бақылауға алды
Президент • Кеше
Ақмолалықты пышақтаған қарағанды тұрғыны қолға түсті
Аймақтар • Кеше
Қ.Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмыс кездесуіне қатысты
Президент • Кеше
Үйсіз қалған көп балалы отбасына жеке компания баспана сыйлады
Аймақтар • Кеше
«QazCovid-in» вакцинасы сәуір айынан бастап өндіріледі
Медицина • Кеше
Елордада тұрақтағы көлік өртеніп кетті
Аймақтар • Кеше
Өткен жылы жол-көлік апатынан қанша адам зардап шекті
Қазақстан • Кеше
Ақтоты Райымқұлова шығармашыл балалармен кездесті
Қазақстан • Кеше
ҚазҰУ магистранттары жаңа құрылғы ойлап тапты
Технология • Кеше
Технология • Кеше
Торғайда бір апта жоғалған жылқышы атының арқасында аман қалды
Аймақтар • Кеше
Жолда қалған 137 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Елордада тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті
Елорда • Кеше
Қостанайлық қаскүнем гүл сататын дүкенді тонаған
Аймақтар • Кеше
«Shymkent City» жобасына 0,5 трлн теңге инвестиция тартылған
Аймақтар • Кеше
Жыл басынан бері ЭЕБ көмегімен 101 мың адам жұмыс тапты
Қазақстан • Кеше
Себебі белгісіз: Өсек өзенін ақ көбік басты
Аймақтар • Кеше
Шымкентте шетелдік ғалымдардың қатысуымен конференция өтіп жатыр
Аймақтар • Кеше
Елордада су тасқыны кезеңіне дайындық қалай жүріп жатыр
Аймақтар • Кеше
Нидерландта сегіз спортшымыз өнер көрсетеді
Спорт • Кеше
4 облыста қандастарды бейімдеу орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
«Ореn University» кеңсесі мен «Таза қол» мүсіні ашылды
Аймақтар • Кеше
Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
«Астана» Ласина Траореге көз тікті
Футбол • Кеше
Алматы тауларында адасқан туристер табылды
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру жүргізілуде
Қазақстан • Кеше
Ақтөбе облысы Білім басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазақстандық армия ұшқышсыз ұшу аппараттарын қарқынды дамытуда
Қазақстан • Кеше
«Шымкент-циркте» аңдарсыз жаңа бағдарлама басталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте демеушілер есебінен 7 спорт алаңшасы салынады
Аймақтар • Кеше
Антикор өткен жылғы құқық бұзушылық фактілерді жариялады
Қазақстан • Кеше
«Adaldyq alańy»: Жобадан жалпыұлттық Қозғалысқа
Қоғам • Кеше
Алматы облысында көлік қаққан оқушы қыздар комада жатыр
Аймақтар • Кеше
«Медеудегі» автотұрақ ақылы болады
Аймақтар • Кеше
Қарағандыда екі айлық қыз бала табылды
Аймақтар • Кеше
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру қалай жүзеге асуда?
Қазақстан • Кеше
Атырауда 2 мыңға жуық мұғалім вакцина салдырады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар