2013 жылғы 5 тамыз Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
2013 жылғы 5 тамыз Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстфан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 тамыздағы № 791 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан объектілердің энергия үнемдеуіне сараптама жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 ақпандағы № 167 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 5-6, 67-құжат) 1-тармағы.
2. «Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитетінің «Мемэнергиясараптама» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 91 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.
3. «Оператор-компанияны айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 14 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 1, 9-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2305 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 4, 54-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 28-тармағы.
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 тамыздағы № 826 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 49, 445-құжат) 1-тармағының 1) тармақшасы.