Қостанай облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті алғашқы алты айлық жұмысын қорытындылады. Департамент басшысы Қуаныш Бекбасовтың айтуынша, бюджет қаржысына бөрідей тиіп, талан-тараж етуге епті шенеуніктер қатары азаяр емес. Жегенін желкесінен шығарып, топырлатып түрмеге тоғытып жатқанымен, жемқорлықтың жойылатын түрі жоқ. Қолына қазына қазанының тұтқасы тигенде сайтан азғырып, қаржының қызуына арбалған бәзбір шенеуніктер етке үймелеген шыбындай бірінен соң бірі ұсталып жатыр.

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, EQ
– Басты міндет «пара бермеу және пара алмау» принциптеріне негізделген қоғамдық сананы қалыптастыру. Сондықтан біз күшті және белсенді азаматтық қоғамға сенім артамыз, – дейді департамент басшысы.
Көкейде қала орталығындағы ел ең көп жүретін жерге «Жемқорлар аллеясын» ашып қойса қалай болар екен?» деген ой қылаң етті. Бәлкім, мұның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық сананың қалыптасуына септігі тиіп қалар. Әр жемқордың жеті атасын түгендеп, аты-жөнін жазып, үлкен портретін таңбалап іліп, «Пәленбай лауазымда отырып, мемлекеттің пәленбай қаржысын жымқырғаны үшін пәленше жылға сотталды!» деп қара сиямен баттитып жазып қойса... Жемқорлыққа қарсы күрестің көпке ой салар тиімді тәсілі осы болып қалар, мүмкін.
Аймақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы қыруар шаруа атқарылғанын жоққа шығаруға болмайды. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінің басым бөлігі автоматтандырылды. Бүгінде облыста мемлекеттік қызметтің 12%-ы қағаз түрінде, 88%-ы электронды түрде көрсетіледі. Қазір мемлекеттік қызмет көрсету барысында шенеунік пен азамат бұрынғыдай жүзбе-жүз кездеспейтіндіктен, пара берушінің де, пара алушының да жолы кесілді. Бірақ жемқорлық COVID-19 сияқты мутацияға бейім. Бір жағынан кесіп тастасаң, екінші жағынан өсіп шығады.
Департамент басшысының айтуынша, облыста соңғы жарты жылдың ішінде ғана сыбайлас жемқорлыққа қатысты 86 қылмыс тіркеліп отыр. Оның 59-ы ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатады. Қазір 77 қылмысқа қатысты тергеу аяқталып, сот қарауына жіберілген.
– Биыл сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі анықтаған аса ауыр қылмыстың бірі – облыстық білім басқармасы қаржы бөлімі басшысының орынбасары Шұғаевқа қатысты іс. Ол бір коммерциялық мекеменің білім саласына 370 млн теңгеге компьютер сатып алу конкурсын ұтып алуына арағайындық жасап, кәсіпкерді 30 млн теңге пара беруге итермелеген. Аталған қылмыстық іс таяу күндері сотқа жіберіледі, – деді Қ.Бекбасов.
Сыбайлыс жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары аймақта жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламаларды бақылау барысында 31 қылмысты анықтап, шағын және орта бизнестің шаруасына заңсыз араласқысы келген 16 шенеунікке тосқауыл қойған. Сондай-ақ жүйелі жемқорлыққа қатысты 6 қылмыс әшкереленді.
Аймақта алты ай ішінде 45 лауазымды тұлға заң алдында жауапқа тартылып отыр. Олардың ішінде әлеуметтік маңызды салаларда жауапты қызмет атқарған түрлі лауазым иелері бар. Мысалы, облыстық көліктік бақылау инспекциясының басшысы Ж.Арапбаев, Қостанай қалалық ТКШ бөлімінің бастығы А.Тарасов, Қостанай қаласы құрылыс бөлімінің бастығы Қ.Нұралин сияқты шенеуніктер жең ұшынан жалғасып, қазына қаржысына қол сұққаны үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылса, 10 мың теңге пара алған ақпараттандыру және білім сапасын бағалау орталығының директоры А.Павличенко 100 мың теңгенің айыппұлын арқалап отыр.
Қалалық құрылыс бөлімінің бастығы Нұралин істі болған соң, бірыңғай тәртіптік комиссия оған тікелей басшылық ететін қала әкімінің орынбасары А.Финктің де мәселесін қарап, қызметінен босатты.
Жаза берсең, жемқорлар тізімі жалғаса береді. Мәселен, жақында кенді Қашар кентінің әкімі бюджет қаржысын жымқырған деген күдікпен ұсталып, сотқа дейінгі тергеу ісі жүріп жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мәліметі бойынша, әкім мекеме тіркеуінде тұрған қызметтік автокөлікті жөндеуден өткіздім деп жалған құжат жасап, 1 464 000 теңге бюджет қаржысын жымқырған.
Департамент дерегі бойынша жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық салдарынан қазынаға 457 млн теңге зиян келтірілген. Оның 414 млн теңгесі қайта өндіріліп алынған. Сондай-ақ жалпы құны 10 млн теңге болатын мүлікке тыйым салынып отыр. Қуаныш Бекбасов аймақта сыбайлас жемқорлық қылмысы жиі кездесетін салаларды да атап өтті. Олардың қатарында білім беру, денсаулық сақтау, тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және ауыл шаруашылығы салалары бар.
Қостанай облысы
Руханият • Кеше
Өнер • Кеше
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қоғам • Кеше
«Көңіл көңілден су ішетін» керемет күн
Қазақстан • Кеше
Елордада қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті
Спорт • Кеше
Санкт-Петерборда Жамбылдың 175 жылдығы тойланды
Руханият • Кеше
Қос боксшымыз Украинада топ жарды
Бокс • Кеше
Оралда ер адам газдан уланып көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында кәсіпкер түрмеге 32 телефон өткізбек болған
Аймақтар • Кеше
Атырау облысында есірткіні заңсыз сатқан ер адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматының Алмалы ауданында өрт болды
Аймақтар • Кеше
Түркістандағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Кеше
АҚШ жаңа вакцинаның қолданысына рұқсат берді
Әлем • Кеше
Ауа райына байланысты жабық тұрған трассалар туралы мәлімет
Қазақстан • Кеше
«Мен мұндай полицияны еш жерден көрмедім...»
Аймақтар • Кеше
Облыстық ассамблея алғыс гимнін шырқады
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Елорда • Кеше
Қазақстандықтар депозит бойынша қай банкке көп сенім артады?
Экономика • Кеше
Әуе компанияларының табысы құлдырады
Экономика • Кеше
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістан облысында бір отбасының бес мүшесі иіс тиіп қайтыс болды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • 27 Ақпан, 2021
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • 27 Ақпан, 2021
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • 27 Ақпан, 2021
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
Қазақстан • 27 Ақпан, 2021
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • 27 Ақпан, 2021
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • 27 Ақпан, 2021
Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
Қоғам • 27 Ақпан, 2021
Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ – Аида Балаева
Қоғам • 27 Ақпан, 2021
Азаматтық ұйымдар жеке бастың емес, қоғам игілігі үшін қызмет етеді - Аида Балаева
Қоғам • 27 Ақпан, 2021
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Қазақстан • 27 Ақпан, 2021
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Сенатор Күрішбаев сауда орталықтары үшін алдын-ала белгіленген бағалардың дұрыстығына күмәнданады
Парламент • 27 Ақпан, 2021
Экономика • 27 Ақпан, 2021
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • 27 Ақпан, 2021
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • 27 Ақпан, 2021
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • 27 Ақпан, 2021
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар