Хоккей • 11 Тамыз, 2020

ҚХЛ кестесі жарияланды

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) 2020/2021 жылға арналған жаңа мау­сымның күнтізбесі мен биылғы додаға қатысатын командалар тізімін бекітті.

ҚХЛ кестесі жарияланды

ҚХЛ бекіткен кестеге сәйкес, тұрақты біріншіліктің жаңа маусымын 2 қыркүйекте Мәскеудің ЦСКА клубы мен Қазанның «Ақ Барыс» ұжымы бастап береді. Біріншіліктің алғашқы кезеңі 27 ақпанға дейін, яғни 142 күнге жалғасады. Сонымен қатар биылғы бәсекеге 23 клубтың қатысатыны белгілі болды. Әр команда 60 матч өткізеді және клубтар бір-бірімен екі рет кездеседі. Ал жалпы саны 690 матч өтеді.

ҚХЛ чемпионатында екі үзіліс болады. Біріншісі, Еу­ро­тур матчтары кезінде: 2-9 қараша ара­лы­ғында (Финляндияда), 14-20 желтоқ­сан аралығында (Ресейде), 8-15 ақпан аралы­ғында (Швецияда), екіншісі, жаңа жылдық мереке (31 желтоқсан-2 қаңтар) мен Ригада өтетін ҚХЛ жұлдыздарының матчын өткізу уақытына (22-24 қаңтар) жоспарланған.

Ал Гагарин кубогы жолындағы плей-офф бәсекелері 2021 жылдың 2 наурызында бас­талады. Финалдық бәсеке 30 сәуірде өтеді деп жоспарланған. Айта кетейік, елорданың «Барыс» клубы ҚХЛ-дің биылғы маусымын 3 қыркүйекте сырт айдында Риганың «Ди­на­мо» командасына қарсы ойынмен бастайды.

 

 

Соңғы жаңалықтар