Теннис • 11 Тамыз, 2020

Турнирге қатысудан бас тартуда

101 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үлкен теннистен 31 тамызда басталатын жылдың негізгі додаларының бірі саналатын US Open басталады. Алайда коронавируске байланыс­ты танымал спортшылар жарысқа қатысудан бас тартып отыр.

Турнирге қатысудан бас тартуда

Атап айтар болсақ, US Open турнирінің төрт дүркін жеңімпазы Рафаэль Надаль жарысқа қатыспайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ дәл осы турнирдің 2016 жылғы жеңімпазы швейцариялық Станислас Вавринка мен отан­дасы Роджер Федерер де турнирден сырт қалмақ. Федерер жарақатына байланысты АҚШ-тағы жарысқа бара алмайды. Ал Вавринка коронавирустен қауіптенеді.

Сонымен қатар әлемнің 9-ракеткасы Гаэль Фонфис, италиялық Фабио Фоньини, аус­тралиялық Ник Кирьос та турнирге қатысудан бас тартты. Ұйымдастырушылар биылғы тур­нирді көрерменсіз өткізуді жоспарлап отыр.