Футбол • 11 Тамыз, 2020

Үздік 8 команда анықталды

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Араға бес ай салып қайта жалғасқан футболдан Чемпиондар лигасының 1/8 турнирінің кездесулері аяқталып, ширек финалға шыққан сегіз команда белгілі болды.

Үздік 8 команда анықталды

Атап айтар болсақ, Италияның «Ата­ланта», Францияның ПСЖ және «Лион», Германияның «РБ Лейпциг» және «Бавария», Англияның «Манчестер Сити», Испанияның «Атлетико» және «Барселона» клубтары жартылай финалдың жолдамасын сарапқа салады. 1/8 финалдың матчтары бұрынғы ереже бойынша алаң қожайындарының стадионында өтсе, ширек финал, жартылай финал және финалдық матчтары енді Португалия астанасы Лиссабон қаласында өтеді. Командалар әдеттегідей екі ойын емес, бір матч ойнайды.

Португалияда өтетін 1/4 финалда «Ата­лан­та» – ПСЖ (13 тамыз), «РБ Лейпциг» – «Атле­тико» (14 тамыз), «Барселона» – «Ба­ва­рия», «Манчестер Сити» – «Лион» (15 тамыз) ко­мандалары бақ сынайды. Матчтар Нұр-Сұл­тан уақыты бойынша 01:00-де бас­талады.