Аймақтар • 11 Тамыз, 2020

Алматыда бизнесті қайта бастау мәселелері бойынша call center іске қосылды

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының әкімдігі қажетті кеңес беру және карантиннен кейін шағын және орта бизнес қызметін кезең-кезеңімен қалпына келтіру алгоритмін түсіндіру үшін сall center-ді іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда бизнесті қайта бастау мәселелері бойынша call center іске қосылды

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының хабарлауынша, өтінімдер infokazakhstan.kz сайты арқылы қабылданады. Өтінімдерді қабылдау биылғы жылдың 11-12 тамызына жоспарланған. Нысандарды кезең-кезеңімен ашу 17 тамыздан басталады.

Кәсіпкер сайтта ЭЦҚ арқылы өз объектісін тіркеуден өткізуі қажет. Құрамында әкімдік, СЭҚ, өңірлік кәсіпкерлер палатасы қызметкерлері және қоғам өкілдері бар комиссия тексергеннен кейін бизнес субъектілеріне қызметін қайта бастауға тиісті рұқсат берілетін болады.

Өтінім берер алдында кәсіпкер "Маңызды ақпарат" бөліміне өтіп, қызмет түріне сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық нормалармен танысып, өз ұйымын талаптарға сай келтіруі керек.

Алматы облысының Call center:

жұмыс 8(7282)32-95-14;

            8(7282)40-10-24;

ұялы +77714677779;

          +77772391014;

          +77014512521;

          +77075631346.