Аймақтар • 11 Тамыз, 2020

Елорда әкімі бірқатар кәсіпорындардың құрылыс барысымен танысты

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алтай Көлгінов өзінің Инстаграм парақшасында қаладағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы айтты деп, хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Елорда әкімі бірқатар кәсіпорындардың құрылыс барысымен танысты

"Пандемия басталғаннан бері бірқатар қалалық кәсіпорындар медициналық маскалар тігуге кірісті. Өз тарапымыздан барлық қажетті көмекті көрсетеміз. Бүгін маска тігуге кіріскен тағы бір кәсіпорынның жұмысымен таныстым. Қазір бұл кәсіпорын айына 2 млн маска шығарады. Толық өндірістік қуаты - айына 5 млн маска. Инвестициялық кеңесте қолдау тапқан құбыр шығаратын зауыттың құрылыс барысымен таныстым. Ішкі нарықта осы материалдарға үлкен сұраныс бар.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, жаңа нысандар салу, жер асты инженерлік желілерін ауыстыру және жиһаз фабрикасының құрылысы т.б. кезінде қажет. Бұған дейін инвестициялық кеңесте дәрі-дәрмектерді тарату орталығының (қоймасының), көтерме-тарату орталықтарының құрылысы да қолдау тапқан болатын. Пандемия мұндай жобалардың қажет екенін көрсетті. Әр инвестормен жұмыс істейміз. Инвестициялық кеңесте қолдау тапқан жобалардың ішінде инфрақұрылымдық, өндірістік, әлеуметтік, логистикалық және басқа да жобалар бар. Құрылыс жеке қаражат есебінен жүзеге асырылады", - деп жазды Алтай Көлгінов.